КазУТБ в СМИ

Аккредиттеу нәтижелері туралы 2025

Құрметті әріптестер!

Сіздерді «Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі» коммерциялық емес мекемесінің халықаралық мамандандырылған аккредитациясынан сәтті өтуіңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Университет ұжымына білім мен ғылым саласындағы кәсіби жетістіктер, табыс пен жаңа белестерге жетуді тілейміз!

2025 жылғы 12–14 наурыз аралығында университетіміз 12 білім беру бағдарламасы бойынша халықаралық талаптарға сәйкес келетінін дәлелдеп, табысты аккредитациядан өтті.

2025 жылғы 30 сәуірдегі «Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі» коммерциялық емес мекемесінің Аккредитациялық кеңесінің шешімімен келесі білім беру бағдарламалары бойынша халықаралық мамандандырылған аккредитация туралы куәлік берілді:

  1. 6B07223 – Өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша);
  2. 6B11130 – Спорттық туризм және экскурсиялық-рекреациялық қызмет;
  3. 6B11230 –Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі;
  4. 6B04103 – Есеп және аудит;
  5. 6B04107 – Мемлекеттік және жергілікті басқару;
  6. 6B07220 – Азық-түлік өнімдеріні технологиясы (салалар бойынша);
  7. 6B05213 – Экология;
  8. 6B07525 – Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша);
  9. 6B11127 – Туризм;
  10. 6B11126 – Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі;
  11. 7M07188 – Автоматтандыру және басқару;
  12. 7M04144 – Мемлекеттік және жергілікті басқару.