Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында В068 – «Азық-түлік өнімдерінің өндірісі» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша өткен XVII Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі аяқталды. Олимпиадаға еліміздің 11 жоғары оқу орынынан 39 студент және 13 команда қатысты.
Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткен XVІI Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңінің Конкурстық комиссиясының қорытынды шешімі бойынша, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің дипломымен:
I орын
Тұмабай Аяулым Ғалымқызы, «Алматы технологиялық университеті» АҚ, Алматы қ.
II орын
Абубакирова Акгулим Медеуовна, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" КеАҚ, Астана қ.
Тұрсын Ділдәр, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ, Алматы қ.
III орын
Давлеткереева Асылайым Адилбековна, «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КеАҚ, Ақтөбе қ.
Жасуланова Камилла Рустановна, «М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ, Петропавл қ.
Болатова Айсезім Беркінқызы, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ, Орал қ.
Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткен XVІI Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңінің Конкурстық комиссиясының қорытынды шешімі бойынша, «Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ дипломымен:
I дәрежелі
Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің командасы, Қарағанды қ.
II дәрежелі
«Торайғыров Университеті» КеАҚ командасы, Павлодар қ.
«Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ командасы, Астана қ.
III дәрежелі
«Шәкәрім университеті» КеАҚ комнадсы, Семей қ.
«Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ командасы, Көкшетау қ.
«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ 2- командасы, Алматы қ.
Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткен XVІI Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңінің Конкурстық комиссиясының қорытынды шешімі бойынша, капитандар сайысының жеңімпаздарын «Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ дипломымен:
I дәрежелі
Тәшен Ерқанат («С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" КеАҚ), 1 команда
II дәрежелі
Утегенова Эльнара («Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ)
III дәрежелі
Мубарякова Аружан («С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" КеАҚ») 1 команда