Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетіне Х.ғ.к., PhD Сүлеймен Ерлан Мэлсұлы жетекшілік ететін BR24992761 «Медициналық және ветеринарлық қолдану үшін отандық бәсекеге қабілетті және қауіпсіз фитопрепараттардың жаңа көздердін іздеу, олардың химиялық қасиеттері мен биологиялық белсенділігін зерттеу» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы шеңберінде орындалатын жұмыстар зертханасы ғылыми жұмыстардың кең спектрін орындауға ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін хроматография бойынша жаңа қымбат қондырғылармен жабдықталды. Атап айтсақ, Тиімділігі жоғары сұйықтық хроматография жүйесі (ЖСХЖ), Жоғары қысымдағы ЖСХЖ препаративтік градиентті, Жарықтың шашырауын анықтайтын (ELS) және ультрафиолет диапазонында флэш-хроматография жүйесі, 815 Flash advanced.Бұл қондырғылар ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қажет болып табылады.
БНҚ бойынша мамандары Бейжің қаласына (ҚХР) Tianjin FengXinZe Science&Technology Co., Ltd кәсіпорнына оқытуы, жабдықты қосылуы, іске қосуы үшін жіберілді. Оқытуды Mr.Ding және Wenbo Jiang О ЖСХЖ бойынша жабдықтарды әзірлеуші өткізді. Жабдықпен жұмыс бойынша тренингтен жетекші ғылыми қызметкері, PhD Биримжанова Д.А., а.ғ.қ. Нұрымов Ж.Д., инженері Мутахан Е.Ғ. өтті.
Қазіргі таңда БНҚ бойынша зертханасы қажетті құрал-жабдықтармен қамтылғандығын айта кету керек. Бұл ғылыми зерттеу жұмыстарын жоғары деңгейде орындауға мүмкіндік туғызады.
Химия саласындағы біздің жас ғалымдарымызға сәттілік тілейміз!