Сүлеймен Ерлан Мэлсұлы — табиғи қосылыстар химиясы саласының маманы, ҚазТБУ қауымдастырылған профессоры — 2020–2024 жылдар аралығындағы Web of Science деректері бойынша Қазақстандағы ең көп дәйексөз алған 50 химик-ғалымның қатарына кіріп, 46-орынға ие болды!
📊 Рейтинг ғылыми бағыттардың екінші деңгейлі классификаторы бойынша бір авторға шаққандағы нормаланған дәйексөз саны негізінде жасалды. Оған Web of Science және Scopus базаларында индекстелетін жоғары рейтингті журналдарда ең көп мақалалар мен шолулар жариялаған зерттеушілер енді.
📌 Рейтингте ғалым бірінші автор немесе жауапты автор ретінде қатысқан жарияланымдар есепке алынды. Бірдей көрсеткіш болған жағдайда жалпы ғылыми еңбектер санына басымдық берілді. Ерлан Сүлейменнің 370-тен астам ғылыми жұмысы, оның ішінде 7 кітап пен 30 патенті бар. Хирш индексі – 20 (Scopus базасы бойынша).
🔬 Ерлан Сүлейменнің табиғи қосылыстар химиясы, фитохимия және биологиялық белсенді заттар, мұнай химиясы салаларына қосқан үлесі Қазақстанда ғана емес, шетелде де кеңінен мойындалған. Оның зерттеулері жаңа табиғи қосылыстарды бөліп алып, олардың құрылымын анықтауға және фармакологиялық белсенділігін зерттеуге бағытталған.
📚 Ерлан Сүлейменнің ғылыми жарияланымдарымен Google Scholar платформасында танысуға болады: https://scholar.google.com
📌 Қазақстандағы ең көп дәйексөз алған химиктердің рейтингі туралы толығырақ: https://science.chemistry.kz/103.html