Құрметті студенттер мен оқытушылар!
21 сәуір күні 2/503 аудиториясында "Құнды қағаздар портфелін басқару" тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Дәрісті Макашева Жумагүл Жамансаровна, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, РК әкімшісі жүргізді.
Дәріс барысында қазіргі экономика жағдайында құнды қағаздар портфелін қалыптастыру, талдау және басқару бойынша негізгі аспектілер қарастырылды.
Барлық қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғысымызды білдіреміз! Алынған білімдердің әрі қарайғы оқу мен кәсіби қызметте пайдалы болатынына сенеміз.