КазУТБ в СМИ

Салықтық есеп және есептілік" пәнін оқытудың заманауи әдістемелері: оқытудағы тәжірибеге бағдарланған тәсіл және цифрлық технологиялар

2025 жылғы 17 сәуірде әдістемелік семинар өтіп, онда PhD, профессор Юсупов Ұлағат Болатұлы "Салықтық есеп және есептілік" пәнін оқытудың заманауи әдістемелері: оқытудағы тәжірибеге бағдарланған тәсіл және цифрлық технологиялар" тақырыбында баяндама жасады. Кейс-әдістерді, симуляциялық тапсырмаларды, іскерлік ойындарды, сондай-ақ "1С: Бухгалтерия", Салық төлеушінің Кабинеті, СЕӨЖ, ЭШФ АЖ, Quizziz және білім беру LMS-жүйелерін (Moodle, Google Classroom және т.б.) пайдалануға ерекше назар аударылды. Ұлттық ашық білім беру платформасында жарияланған онлайн авторлық курс (moocs.kz), семинарға қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Семинар студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға және еңбек нарығының заманауи талаптарына сәйкес келуге бағытталған Салық пәндерін оқытудағы өзекті тәсілдерді талқылау үшін тиімді алаңға айналды.