Медиа

Шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштер қабылдау

Құрметті 2024 жылғы талапкер!

6B02100 "Дизайн" білім беру бағдарламасы бойынша шығармашылық емтихандарға қатысу үшін өтініштерді қабылдау 2025 жылғы 20 маусымнан 10 тамызға дейін жүзеге асырылады. Мемлегеттік тапсырыс негізінде құжат тапсыру үшін 20 маусымнан 7 шілде аралығында өтініш қабылданады. .Шығармашылық емтихандар тапсыру уақыттары: 8 шілде мен 12 шілде аралығында мемлекеттік тапсырыз негізінде, 11 тамыз бен 15 тамыз аралығында ақылы негізде.  Өтініштер университеттің қабылдау комиссиясында мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана Қ., Қ. Мұхамедханов к-сі, 37а.

Назар аударыңыз: шығармашылық емтихандарға қатысу үшін ҰБТ нәтижелері екі пән бойынша ескеріледі: Қазақстан тарихы пәні  бойынша кем дегенде 5 балл және оқу сауаттылығы. бойынша кем дегенде 3 балл жинау керек.

Назар аударыңыз: Егер 20 мамыр мен 5 шілде аралығында өткізілетін негізгі ҰБТ нәтижелері бойынша екі пән: Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы бойынша шекті балл алмаған талапкер университет базасында шығармашылық емтихандар тапсыруға мүмкіндігі бар. Содан кейін оқуға түсуші тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуы қажет. Тамыз ҰБТ - ны тапсырғаннан кейін, егер талапкер екі пән бойынша Қазақстан тарихы пәні  бойынша кем дегенде 5 балл және оқу сауаттылығы. бойынша кем дегенде 3 балл жинаса университетке ақылы негізде қабылданады.