КазУТБ в СМИ

В076 «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) білім беру бағдарламалар тобының XVII Республикалық пәндік олимпиадасының II кезеңі»

Павлодар қаласында «Торайғыров университеті» КеАҚ базасында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының білім алушыларының арасында В076 «Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) білім беру бағдарламалар тобының XVII Республикалық пәндік олимпиадасының II кезеңі» 2025 жылдың 28 – 30 сәуір аралығында өтті.

«Технология және стандарттау» кафедрасының 6В07525 – «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасының 3,4 курс білім алушылары Емберген Камила және Сағынбай Аделя қатысып, олимпиада қорытындысы бойынша білім алушылар 3 орын дипломымен, қатысқаны үшін сертификатпен сонымен қатар жетекші магистр, сеньор – лектор Г.И. Туреханова Алғыс хатпен марапатталды.

Марапаттау рәсіміне ToU ректоры Нұрлан Медетов қатысты.

Жеңісіміз құтты болсын!!!!!!!