КазУТБ в СМИ

XVII Республикалық пәндік олимпиада

2025 жылғы 24-25 сәуір аралығында Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде В068 – «Азық-түлік өнімдерінің өндірісі» білім беру бағдарламалары тобы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының білімалушылары арасында XVII Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңі өтті, оған Қазақстанның 11 жоғары оқу орнынан 13 команда қатысты.

Олимпиада ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұсынымдарына сәйкес болашақ мамандардың кәсіби қабілеттерін анықтау, талантты студенттерді қолдау мақсатында ұйымдастырылып, үш турда мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіліп жеңімпаздар анықталды.

В068 - В068 – «Азық-түлік өнімдерінің өндірісі» білім беру бағдарламалары тобы бойынша Қазақстан Республикасының ЖЖОКБҰ білім алушылары арасында ХVII РПО II кезеңінің Конкурстық комиссиясының нәтижелері:

командалық біріншіліктің жеңімпаздары:

1 орын – «Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті» ЖМ командасы, Қарағанды қ.

2 орын – «Торайғыров университеті» КЕАҚ командасы, Павлодар қ.

2 орын – «Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ командасы, Астана қ.

3 орын – «Шәкәрім Университетіә КЕАҚ командасы, Семей қаласы.

3 орын – «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ командасы, Көкшетау қ.

3 орын - «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ команда 2., Алматы қ.

жеке біріншілік жеңімпаздары:

1 орын - Тұмабай Аяулым Ғалымқызы, «Алматы технологиялық университеті» АҚ, Алматы қ.

2 орын - Абубакирова Акгулим Медеуовна, «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ, Астана қ.

2 орын - Тұрсын Ділдар, Алматы қ. «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ. Алматы қ.

3 орын – Дәулеткереева Асылайым Әділбекқызы, «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КЕАҚ, Ақтөбе қ.

3 орын - Жасуланова Камилла Рустановна, «М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ, Петропавл қ.

3 орын - Болатова Айсезім Беркінқызы, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КЕАҚ, Орал қ.

команда капитандары байқауының жеңімпаздары:

1 орын-Тәшен Ерқанат Орынтайұлы, (1 Команда), «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ, Астана қ.

2 орын-Өтегенова Эльнара Жәнібекқызы, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КЕАҚ, Орал қ.

3 орын-Мубарякова Аружан Бауыржанқызы (2 Команда), «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ, Астана қ.