"Экономика және басқару" кафедрасы

Кафедра меңгерушісі

@kafedraeconomikaiupravlenie

Абдильдинова Найля Ермухановна

PhD, ассистент-профессор

Ішкі:

150

Каб.:

3/514

E-mail:

n.ermuhanovna@kaztbu.edu.kz

Кафедра туралы

«Экономика және басқару» кафедрасы экономикалық теорияның, адами капиталдың және білім беру экономикасын басқару практикасының әртүрлі аспектілерін зерттеумен және оқытумен айналысады.

«Экономика және басқару» кафедрасының қызметі теориялық білімдерді дамытуға және оларды қазіргі экономикалық нарық жағдайында тәжірибеде қолдануға, сондай-ақ экономикалық үдерістерді талдап, болжай алатын және негізделген қаржылық шешімдер қабылдай алатын білікті мамандарды даярлауға бағытталған.

«Экономика және басқару» кафедрасы заманауи мамандарды даярлау мен оқытуға елеулі үлес қосып, әрбір білім алушыны еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін қажетті сапалы экономикалық біліммен қамтамасыз етеді.

Кафедра 2022 жылғы қыркүйек айында құрылды.

Кафедра қызметі әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануға деген ұмтылыс пен қабілеттілікті дәлелдейді. Бұл жағдайда білім беру сапасы университет пен оның түлектерінің бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторы ретінде қарастырылады және оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбиелік жұмыс жоспарлары арқылы жүзеге асырылады.

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы білім беру үдерісін оқу-әдістемелік құжаттамамен қамтамасыз етуге, оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыруға, аудиториялық және білім алушылардың өзіндік жұмысын жетілдіруге, сондай-ақ университет мамандар даярлайтын кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің қажеттіліктерін ескере отырып, оқу жұмысының барлық нысандары мен әдістерін жетілдіруге бағытталған.

Кафедра миссиясы:

Білім алушыларға білім беру, өз бетінше жұмыс істеу және ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру, өз таңдауы үшін жауапкершілік сезімін, белсенді өмірлік ұстанымды дамыту, сондай-ақ қазіргі нарықтық жағдайда экономика, менеджмент және мемлекеттік басқару саласында стратегиялық және шығармашылық ойлау, ұтымды басқарушылық шешімдер қабылдау қабілетін қалыптастыру.

Кафедраның мақсаты:

Экономика, менеджмент және мемлекеттік басқару саласында толыққанды әрі сапалы кәсіби білім беру, экономиканың әртүрлі салалары үшін жоғары білікті мамандарды даярлау.

Кафедраның негізгі міндеттері:

  • кафедраның білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білікті мамандарды практикалық бағытта даярлау саласында көшбасшы орындарға қол жеткізу;
  • білім беру сапасының жоғары деңгейі негізінде кадрлар даярлайтын жетекші кафедра ретінде бәсекелестік артықшылықты қамтамасыз ету;
  • өңірлік деңгейде бейімделгіш және сенімді білім беру жүйесін қолдау.

Бакалавриат

6В04107 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару»

Кадрларды даярлау бағыты – 6В041 – Бизнес және басқару

Білім беру бағдарламасы: «Мемлекеттік және жергілікті басқару»

Бейіндік пәндер: математика, география

Берілетін дәреже: бакалавр

Білім беру бағдарламасының мақсаты: мемлекеттік және жергілікті басқару саласында кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажетті кәсіби құзыреттерді меңгеруге бағытталған білім алушылардың дағдылары мен қабілеттерін қалыптастыру, басқару жүйесінің тиімділігін, нәтижелілігін және ашықтығын арттыру.

МАМАНДЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Кәсіби қызметі. Мемлекеттік және жергілікті басқару (МЖБ) түлектері елдің және оның өңірлерінің экономикасын біледі, мінез-құлық мәдениеті мен қызметтік әдептің жеткілікті деңгейін меңгерген, мемлекеттік басқару мен муниципалдық менеджменттің негіздерін біледі. Тиісті өңірлердегі демографиялық және экономикалық жағдайды зерттейді, аудандардың, қалалардың, облыстардың және әлеуметтік инфрақұрылымның экономикалық және әлеуметтік дамуын болжай және жоспарлай алады, мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайлары мен салдарын (нәтижелерін) бағалайды, сондай-ақ әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешумен айналысады.

Осы білім беру бағдарламасының түлектері келесі ұйымдарда жұмыс істей алады:

  • жергілікті басқару органдарында;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметінде;
  • министрліктер мен агенттіктерде;
  • аудан, қала әкімдіктерінде;
  • жарнама немесе коммуникациялық агенттіктерде маман ретінде;
  • ұлттық компанияларда;
  • мемлекеттік кәсіпорындарда;
  • акционерлік қоғамдарда.
6В04110 – Экономика

Кадрларды даярлау бағыты: 6В041 – Бизнес және басқару

Білім беру бағдарламасы: «Экономика»

Бейіндік пәндер: математика, география

Берілетін дәреже: бакалавр

Білім беру бағдарламасының мақсаты: қазіргі экономиканың талаптарына сай, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, кәсіби қызметтің негізгі функцияларын орындауға дайын, аналитикалық ойлау қабілеті жоғары экономикалық бейіндегі мамандарды даярлау.

 

МАМАНДЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Кәсіби қызметі. «Экономика» білім беру бағдарламасының түлектері микро- және макроэкономика, қаржы, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді талдау және болжау салаларында білімге ие. Олар экономикалық жағдайды талдай алады, экономикалық есептеулер жүргізеді, ұйымдардың шаруашылық қызметінің тиімділігін бағалайды және негізделген басқарушылық шешімдер қабылдайды.


Осы білім беру бағдарламасының түлектері келесі ұйымдарда жұмыс істей алады:

  • мемлекеттік органдар мен ұйымдар;
  • кәсіпорындардың қаржылық және экономикалық бөлімшелері;
  • банктер мен қаржы мекемелері;
  • талдау және консалтингтік компаниялар;
  • ұлттық компаниялар;
  • шағын және орта бизнес;
  • ғылыми-зерттеу және білім беру ұйымдары.
6В04105 – «Менеджмент»

Кадрларды даярлау бағыты – 6В041 – Бизнес және басқару

Білім беру бағдарламасы: «Менеджмент»

Бейіндік пәндер: математика, география

Берілетін дәреже: бакалавр

Білім беру бағдарламасының мақсаты: қазіргі заман талаптарын ескере отырып, еңбек нарығында сұранысқа ие, ұйымдастырушылық жұмыс пен басқарушылық қызмет дағдыларын меңгерген бәсекеге қабілетті менеджерлерді даярлау.

МАМАНДЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Кәсіби қызметі. «Менеджмент» білім беру бағдарламасының түлектері ұйымдарды басқару, жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бизнес-процестерді бақылау саласында білімге ие. Олар басқарушылық талдау, шешім қабылдау, командада жұмыс істеу және тиімді коммуникация дағдыларын меңгерген. Түлектер нарықтық экономика мен цифрлық трансформация жағдайында ұйым қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған басқарушылық шешімдерді әзірлеп, іске асыра алады.

Осы білім беру бағдарламасының түлектері келесі ұйымдарда жұмыс істей алады:

  • мемлекеттік органдар мен ұйымдар;
  • коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар;
  • шағын, орта және ірі бизнес субъектілері;
  • өндірістік және сервистік компаниялар;
  • қаржылық-экономикалық және әкімшілік бөлімшелер;
  • ұлттық компаниялар;
  • консалтингтік және басқару компаниялары;
  • кәсіпкерлік құрылымдар.


Магистратура

7М04144 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» (ғылыми-педагогикалық бағыт)

Бейіндік пәндер: Экономиканы мемлекеттік реттеу, Мемлекеттік басқару теориясы

Берілетін академиялық дәреже: экономикалық ғылымдар магистрі

Бағыты: ғылыми-педагогикалық

Білім беру бағдарламасының мақсаты: мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында кәсіби білімге, басқарушылық дағдылар мен құзыреттерге ие, мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруға қабілетті жоғары білікті кадрларды даярлау.

7М04136 – «Экономика» (бейіндік бағыт)

Бейіндік пәндер: Кәсіпорын экономикасы, Макроэкономика

Берілетін дәреже: Бизнес және басқару магистрі

Білім беру бағдарламасының өзектілігі: «Экономика» білім беру бағдарламасының өзектілігі әртүрлі меншік және шаруашылық жүргізу нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін жоспарлау саласында кәсіби экономистерге деген сұраныстың артуымен айқындалады.

Білім беру бағдарламасының мақсаты: қаржылық, нақты және мемлекеттік секторларда, сондай-ақ бизнес саласында қызмет ететін, басқарушылық қызмет дағдыларына ие жоғары білікті экономист-талдаушыларды даярлау.

7М04132 – «Экономика» (ғылыми-педагогикалық бағыт)

Бейіндік пәндер: Кәсіпорын экономикасы, Макроэкономика

Берілетін академиялық дәреже: экономикалық ғылымдар магистрі

Бағыты: ғылыми-педагогикалық

Білім беру бағдарламасының мақсаты: экономика саласында кәсіби қызметті жүзеге асыруға, экономикалық зерттеулер жүргізетін ғылыми ұжымдардың жобалық жұмыстарына қатысуға, жоғары оқу орындарында оқу сабақтарын өткізуге, сондай-ақ білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге қабілетті «Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша экономикалық ғылымдар магистрін даярлау.

7М04133 – «Менеджмент» (бейіндік бағыт)

Бейіндік пәндер: Менеджмент, Бизнесті ұйымдастыру

Берілетін дәреже: Бизнес және басқару магистрі

Білім беру бағдарламасының мақсаты: экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорындарды басқару тәжірибесіне менеджменттің заманауи технологияларын меңгеруге және енгізуге қабілетті, іргелі теориялық білімге және жеке практикалық құзыреттерге ие жоғары білікті кадрларды кәсіби даярлау.

7М04134 – «Менеджмент» (ғылыми-педагогикалық бағыт)

Бейіндік пәндер: Менеджмент, Бизнесті ұйымдастыру

Берілетін академиялық дәреже: экономикалық ғылымдар магистрі

Бағыты: ғылыми-педагогикалық

Білім беру бағдарламасының мақсаты: басқарушылық мәселелерді шешу саласында ғылыми-педагогикалық және кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті, оқытудың заманауи әдістемелерін тиімді меңгерген, менеджмент саласындағы алынған білімді практикалық жағдайларға бейімдей отырып қоғамның тұрақты дамуына қол жеткізуге бағытталған мамандарды даярлау.

Практика

Ұйымдармен өзара іс-қимыл және практика базалары

«Экономика және басқару» кафедрасы кәсіби даярлықтың сапасын арттыру және тәжірибемен тығыз байланысты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік және коммерциялық ұйымдармен тұрақты түрде ынтымақтастық орнатады.

Кафедра атынан ҚазҰТБ мен келесі ұйымдар арасында ынтымақтастық туралы шарттар мен меморандумдар жасалған:

Астана қаласы «Нұра» ауданы әкімінің аппараты» ММ.

Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы» КММ;

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ;

«G.H.G» ЖШС;

«Инфо-Кар-НС» ЖШС;

«QazTeksGrupp» ЖШС;

Аталған келісімдер аясында кафедраның білім алушылары бекітілген оқу жоспарларына сәйкес оқу, өндірістік және дипломалды практикалардан өтеді. Бұл олардың практикалық дағдыларын қалыптастыруға және кәсіби даярлық деңгейін арттыруға ықпал етеді.


Материалдық-техникалық жабдықтау

«Экономика және басқару» кафедрасында білім алушылар үшін оқу және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға арналған заманауи материалдық-техникалық база қалыптастырылған.

Кафедрада компьютерлік техникамен және қажетті бағдарламалық қамтамасыз етумен толық жабдықталған мамандандырылған оқу кабинеті жұмыс істейді.

Сонымен қатар кафедра базасында келесі құрылымдық бөлімшелер қызмет атқарады:

Экономикалық зерттеулердің ғылыми зертханасы — экономика, басқару, әлеуметтік-экономикалық даму және цифрлық трансформация салаларында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған;

«Жасыл экономика» аудиториясы (коворкинг-орталық) — тұрақты даму, «жасыл» экономика және экологиялық бағдарланған басқару мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, пікірталастар мен қолданбалы мәселелерді талқылауға арналған.

Аталған материалдық-техникалық база білім алушылардың зерттеушілік және практикалық дағдыларын дамытуға, сондай-ақ оқу үдерісінің сапасын арттыруға ықпал етеді.

Профессор-оқытушылар құрамы
Аты жөні Лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
1 Абдильдинова Найля Ермухановна философия докторы (PhD), ассистент-профессор
2 Мақыш Мулдир Кикбаевна философия докторы (PhD), ассистент-профессор
3 Бекбусинова Гульнафиз Кенжебековна э.ғ.к., ассистент- профессор
4 Дугалова Гульнар Нажмиденовна э.ғ.д., профессор
5 Кусаинов Халел Хаймуллиевич э.ғ.д., профессор
6 Ибраимова Сауле Жумагалиевна э.ғ.к., профессор м.а.
7 Каримбаева Гульжан Жанадиловна э.ғ.к., қауымд. профессор
8 Жанакова Назигуль Нурлановна э.ғ.к., доцент, қауымд. профессор
9 Дулат Мейрамгул философия докторы (PhD), қауымд. профессор, зерттеуші профессор
10 Кусаинова Лариса Ислямовна э.ғ.к., доцент, қауымд. профессор
11 Гордеева Елена Анатольевна философия докторы (PhD), қауымд. профессор м.а.
12 Баядилова Бахыт Мелисовна философия докторы (PhD), ассистент-профессор
13 Бақтымбет Әсем Серікқызы э.ғ.к., профессор м.а.
14 Бокенчина Лаура Курымбаевна философия докторы (PhD), ассоциированный профессор
15 Алимбай Сайрангуль Хабибуловна магистр., сеньор-лектор
16 Саду Жанна Наукеновна магистр, сеньор-лектор
17 Касымова Санимгуль Бахытжановна магистр, сеньор-лектор
18 Шарипова Динара Божековна магистр, сеньор-лектор
19 Таханова Гаухар Талгатовна магистр, сеньор-лектор
20 Тасанова Гульвира Доскалиевна магистр, сеньор-лектор
21 Самиева Гульмира Тулегелиевна магистр, сеньор-лектор
22 Кашкинбаева Камшат Турганбаевна магистр, сеньор-лектор
23 Асаинов Архат Жоламанович магистр, сеньор-лектор
24 Каркимбаева Шолпан Искаковна магистр, сеньор-лектор
25 Абдыгалиева Лаззат Сагингалиевна магистр, сеньор-лектор
26 Магзумова Лаззат Кенжебековна магистр, сеньор-лектор
27 Нурпейсова Асем Зейтеновна магистр, сеньор-лектор
28 Кунанбаева Кымбат Бакыткереевна магистр, сеньор-лектор
29 Саржанова Аягоз Сериковна магистр,ассистент

Студенттік өмір

Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметі

Кафедра студенттері ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді қатысып, республикалық және халықаралық деңгейдегі конференциялар мен ғылыми байқауларда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.

Студенттердің ғылыми жарияланымдары (2025 жыл)

2025 жылы кафедра студенттері халықаралық ғылыми-зерттеу конкурстары мен ғылыми конференция жинақтарында бірқатар мақалаларын жариялады. Студенттік зерттеулер әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелеріне, инфляция, инвестициялар, климаттың өзгеруі, NEET жастары, цифрландыру және ауыл шаруашылығы нарығының дамуына арналды.

Жарияланымдар Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасында өткен халықаралық ғылыми конкурстар мен ғылыми-практикалық конференциялар жинақтарында жарық көрді. Студенттердің бірқатары III және III дәрежелі дипломдармен марапатталды, бұл олардың ғылыми дайындығының жоғары деңгейін көрсетеді.


Студенттік өмір

Студенттік өмір — университеттің білім беру ортасының маңызды құрамдас бөлігі. Ол білім алушылардың оқу, ғылыми, қоғамдық, мәдени және спорттық қызметтерін біріктіре отырып, олардың жан-жақты дамуына, өзін-өзі жүзеге асыруына және университет өміріне белсенді қатысуына жағдай жасайды.

«Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша кафедра филиалы

Білім алушыларды практикалық тұрғыда даярлауды күшейту және өндірістік сектормен тығыз ынтымақтастықты дамыту мақсатында «Экономика және басқару» кафедрасында «Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша «G.H.G» ЖШС базасында кафедра филиалы жұмыс істейді.

Кафедра филиалының қызметі аясында ҚазҰТБ мен «G.H.G» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы шарттар мен меморандумдар жасалған. Бұл келісімдер теориялық білім мен практикалық қызметтің өзара ықпалдасуын қамтамасыз етуге бағытталған.

«G.H.G» ЖШС базасында «Экономика» білім беру бағдарламасының білім алушылары бекітілген оқу жоспарына сәйкес оқу, өндірістік және дипломалды практикалардан өтеді. Аталған практика түрлері білім алушылардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға, практикалық дағдыларын дамытуға және түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Кафедраның халықаралық қызметі

«Экономика және басқару» кафедрасының халықаралық қызметі академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге, ғылыми-педагогикалық тәжірибе алмасуға және білім беру үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған.

Кафедра білім алушылары үшін жыл сайын шетелдік жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары мен оқытушылары — шақырылған шетелдік лекторлардың қатысуымен дәрістер мен ғылыми-білім беру іс-шаралары ұйымдастырылады.

Кафедраның оқу үдерісіне келесі шетелдік шақырылған лекторлар қатысады:

Шмарловская Г.А. — Беларусь мемлекеттік экономикалық университеті (Беларусь Республикасы);

Шкутько О.Н. — Беларусь мемлекеттік экономикалық университеті (Беларусь Республикасы);

Чукурна Е.П. — профессор, экономикалық ғылымдар докторы, Интеллектуалды технологиялар және байланыс мемлекеттік университеті (Украина, Одесса қаласы).

Шетелдік лекторларды тарту кафедраның халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялануына, білім алушылардың академиялық көкжиегін кеңейтуге, сондай-ақ заманауи кәсіби және зерттеушілік құзыреттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Академиялық мобильдік

2025–2026 оқу жылында «Экономика және басқару» кафедрасында академиялық мобильдік бағдарламалары белсенді түрде жүзеге асырылды. Кафедра білім алушылары сыртқы және ішкі академиялық мобильдік аясында отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Сыртқы академиялық мобильдік

Сыртқы академиялық мобильдік бағдарламасы бойынша білім алушылар Украина мемлекетінің Одесса қаласындағы Интеллектуалды технологиялар және байланыс мемлекеттік университетінде білім алды. Академиялық мобильдік «Экономика», «Менеджмент» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылып, магистратура және бакалавриат деңгейлерін қамтыды. Білім алушылар цифрлық бизнес-модельдер, инновациялық менеджмент, HR-менеджмент, ғылыми зерттеу әдістемесі, мемлекеттік басқару шешімдері сияқты заманауи пәндерді меңгерді.

Ішкі академиялық мобильдік

Ішкі академиялық мобильдік аясында кафедра білім алушылары Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарында білім алды. Атап айтқанда, Қарағанды индустриялық университеті (Теміртау қ.) және Көкшетау қаласындағы А. Мырзахметов атындағы университет серіктес жоғары оқу орындары ретінде тартылды. Ішкі академиялық мобильдік бакалавриат пен магистратура деңгейінде жүзеге асырылып, экономикалық талдау, бизнес-жоспарлау, мемлекеттік қызмет, еңбек нарығы экономикасы, инвестициялық қызмет бағыттарын қамтыды.


Академиялық мобильдік бағдарламалары білім алушылардың академиялық және кәсіби құзыреттерін кеңейтуге, халықаралық және ұлттық білім беру кеңістігіне бейімделуіне, сондай-ақ тәжірибе алмасу арқылы білім сапасын арттыруға ықпал етті.