Тәрбие жұмысы

Студенттік өмір

  • Жастар ісі жөніндегі басқарма
  • Студенттік парламент
  • Студенттік ұйымдар
  • Студенттер үйі

Жастар ісі жөніндегі басқарма

Жастар ісі жөніндегі басқарма – Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде студенттердің әлеуметтік белсенділігін, шығармашылық және қоғамдық бастамаларын қолдау, олардың рухани-адамгершілік тәрбиесін, көшбасшылық және көшбасшылық қабілеттерін дамыту бағытында құрылып, жүйелі қызмет атқаратын ұйым.


Басқарманың негізгі міндеттері:
  • Университет студенттері арасында патриоттық, қоғамдық-саяси және мәдени құндылықтарды қалыптастыру;
  • Жастар саясатын іске асыруға бағытталған жобалар мен іс-шараларды ұйымдастыру және үйлестіру;
  • Студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық, спорттық және волонтерлік іс-шараларды қолдау;
  • Жетекшілік дағдыларды дамытуға бағытталған тренингтер, семинарлар мен лагерьлер өткізу;
  • Студенттік ұйымдар мен клубтардың жұмысын координациялау, қолдау және дамыту;
  • Жастар инициативаларын ілгерілету және гранттық бағдарламаларға жәрдем көрсету.

Басқарма құрамасы:

Басқарма басшысы — Қалменов Бекжан Нұрбекұлы
Басқарманың стратегиялық жоспарлау, басшылықты үйлестіру және жастар саясатын университет көлемінде тиімді іске асыру бағытындағы жұмысына жауапты.

Басқарманың жетекші маманы — Бақытбек Фарида Мұханбетжанқызы
Жоба жұмыстары мен іс-шараларды ұйымдастыруды басқару, студенттік бастамаларды ілгерілету және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бойынша жауапкершілік атқарады.

Басқарма маманы — Сағындық Төлеухан Бауыржанұлы
Көшбасшылық, волонтерлік және спорттық бағыттағы іс-шаралар, университеттік жайдарман ойындары және басқада іс-шараларды жүзеге асыру, жастармен тығыз байланыс орнату, ақпараттық қолдау көрсету жұмыстарын атқарады.


Біздің мақсат:

Біз — студенттердің жеке тұлға ретінде жан-жақты өсуіне, жауапкершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті әрі шығармашылық әлеуеті жоғары қоғамға пайдалы азаматтар ретінде қалыптасуына жағдай туғызуға тырысамыз.


Студенттік парламент

Студенттік парламент– Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын, олардың пікірін университет басшылығына жеткізетін және студенттік өзін-өзі басқару жүйесін дамытатын негізгі өкілді орган.

Студенттік парламент университеттің қоғамдық өміріне студенттердің белсенді қатысуына мүмкіндік беріп, жастардың көшбасшылық қабілеттерін, жауапкершілігін және азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған.


Студенттік парламенттің негізгі міндеттері:
  • Студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау және ұсыну;
  • Университет басшылығы мен студенттер арасындағы тиімді байланысты қамтамасыз ету;
  • Студенттік бастамалар мен жобаларды қолдау және жүзеге асыру;
  • Әлеуметтік, мәдени, зияткерлік және тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысу;
  • Факультеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту;
  • Студенттердің өзін-өзі басқару дағдыларын дамыту.

Студенттік парламент құрамы:

Студенттік парламент төрағасы — Жекенаев Мирас
Парламент жұмысының жалпы бағытын айқындап, студенттердің мүддесін қорғау және ұсыныстарын университет деңгейінде жеткізуге жауапты.

Технологиялық факультеттің студенттік парламент депутаты — Кәдірова Ұлболсын
Факультет студенттерінің ұсыныстары мен мәселелерін парламент жұмысына енгізіп, қоғамдық бастамаларға белсенді қатысады.

Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетінің студенттік парламент депутаты — Сәрсенбай Диляра
Студенттердің академиялық және әлеуметтік мәселелерін көтеріп, цифрлық және инновациялық бастамаларды қолдайды.

Экономика және бизнес факультетінің студенттік парламент депутаты — Егізбаев Мағжан
Экономикалық, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылыққа бағытталған студенттік жобаларды дамытуға үлес қосады.


Біздің мақсат:

Студенттердің үнін естірту, белсенді әрі жауапты жастарды қалыптастыру және университеттің дамуына студенттік қауымдастықтың үлесін арттыру.


Студенттік ұйымдар

«Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ университетінде студенттердің шығармашылық, зияткерлік, қоғамдық және әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында түрлі бағыттағы студенттік ұйымдар табысты жұмыс атқарады. Студенттік ұйымдар студенттердің өзін-өзі дамытуына, көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыруға, қоғамдық өмірге белсене араласуына және бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.

«Қ. Құлажанов атындағы қазақ технология және бизнес университеті» АҚ

  1. «Жастар жалыны»
    Жетекшісі: Болатбек Анель
    Instagram


  2. «Жастар рухы»
    Жетекшісі: Кайырлиева Наргиза
    Instagram


  3. «Шың» студенттік жастар театры Жетекшісі: Базарбекова Аяулым
    Instagram


  4. «MOTION» заманауи би тобы
    Жетекшісі: Хусаинова Карина
    Instagram


  5. «КазЮТУБ» жайдарман тобы
    Жетекшісі: Игдиров Нурдаулет
    Instagram


  6. «Жүрек жарығы» қайырымдылық ұйымы
    Жетекшісі: Сафина Акниет
    Instagram


  7. «ОйLAB» дебат клубы
    Жетекшісі: Гарифуллинова Назым
    Instagram


  8. «Шаттық» ұлттық би ұйымы
    Жетекшісі: Мухтарова Эвелина
    Instagram:отсутствует


  9. «Шертер» ансамблі
    Жетекшісі: Ерланулы Абдулла
    Instagram


  10. «Eversong» вокалдық клубы
    Жетекшісі: Милосердова Владлена
    Instagram


  11. «Social Media Club» медиа клубы
    Жетекшісі: Куандыk Кызгалдак
    Instagram


  12. «Sunrise» модельдік клубы
    Жетекшісі: Зейнолла Асем
    Instagram


  13. «Smart Country» клуб
    Жетекшісі: Рашит Арайлым
    Instagram


  14. КазУТБ Студенттер Альянсы
    Жетекшісі: Султанкулов Бахтияр
    Instagram

Студенттік ұйымдар – университеттегі белсенді студенттік өмірдің негізі. Олар жастардың әлеуетін ашуға, әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға және жан-жақты дамуына үлкен үлес қосады.

Студенттер үйі

Студенттер үйі – Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті студенттерінің жайлы тұруына, қауіпсіздігі мен әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын қамтамасыз етуге арналған маңызды құрылымдық бөлімше.

Студенттер үйі студенттердің оқу мен күнделікті өмірін үйлесімді жүргізуіне, өзара сыйластық пен жауапкершілікке негізделген орта қалыптастыруға бағытталған.

Студенттер үйінің негізгі міндеттері:
  • Студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Студенттердің қауіпсіздігі мен ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын қадағалау;
  • Тұрмыстық, әлеуметтік және мәдени мәселелер бойынша студенттерге қолдау көрсету;
  • Тәрбиелік, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру;
  • Студенттердің бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау;
  • Студенттердің өзін-өзі басқару жүйесін дамыту.
Студенттер үйінің студенттік кеңесі:

Студенттік кеңес – – студенттердің мүдделерін қорғап, Студенттер үйіндегі қоғамдық өмірді ұйымдастыруға белсенді атсалысатын өзін-өзі басқару органы.

Студенттер үйі Студенттік кеңесінің төрағасы — Милосердова Владлена

Төраға студенттер мен әкімшілік арасындағы байланысты қамтамасыз етіп, Студенттер үйіндегі тәртіп, ынтымақтастық және бірлік атмосферасын қалыптастыруға жауапты.

Біздің мақсат:

Студенттерге жайлы, қауіпсіз және достық орта қалыптастыра отырып, олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.

жүктеу күні – 16.08.2021

Студенттің ар намыс кодексі

жүктеу күні – 26.04.2026

"Қазақ технология және бизнес университеті" АҚ 2023-2024 оқу жылына арналған тәрбие жұмысы жөніндегі жоспары