Ғылым және сыртқы байланыстар басқармасы
Ғылым және сыртқы байланыстар басқармасы университеттің ғылыми-зерттеу, инновациялық және халықаралық қызметін дамытуды көздейтін бірыңғай ғылыми, инновациялық және халықаралық саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімше болып табылады. Басқарманың қызметі ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыруға, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және университетті ұлттық және әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігіне интеграциялауға бағытталған.
Басқарманың негізгі мақсаты – ғылыми қызметті үйлестіру және сүйемелдеу, сыртқы академиялық және ғылыми байланыстарды дамыту, сондай-ақ білім беру және зерттеу үдерістерін тиімді ғылыми-ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру.
Өз қызметінде Ғылым және сыртқы байланыстар басқармасы университеттің факультеттерімен, кафедраларымен, ғылыми құрылымдық бөлімшелерімен, сондай-ақ мемлекеттік органдармен, ғылыми қорлармен, шетелдік серіктестермен, білім беру және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
Ғылым және сыртқы байланыстар басқармасының құрылымы
1. Ғылым және коммерцияландыру бөлімі
Ғылым және коммерцияландыру бөлімі университеттің ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырушылық, әдістемелік және талдамалық тұрғыдан сүйемелдеуді, сондай-ақ ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыру қызметін жүзеге асырады.
Бөлімнің негізгі функциялары:
- гранттық, бағдарламалық-нысаналы және бюджеттен тыс қаржыландыру есебінен жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жобаларын орындауды үйлестіру;
- ғылыми жобалар мен бағдарламалар конкурстарына қатысуға өтінімдерді сүйемелдеу;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалуын мониторингтеу, ғылыми нәтижелілік көрсеткіштері мен есептілікті талдау;
- зияткерлік меншік объектілерін (патенттер, авторлық куәліктер, ноу-хау) қорғау және коммерцияландыру жұмыстарын ұйымдастыру;
- ғылыми әзірлемелерді енгізу және коммерциялық пайдалану мәселелері бойынша бизнес-құрылымдармен және индустриялық серіктестермен өзара іс-қимыл жасау;
- университеттің инновациялық экожүйесін қалыптастыруға және ғылыми ортада кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға қатысу.
2. Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бөлімі
Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бөлімі университеттің халықаралық ғылыми және білім беру байланыстарын дамытуға, білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын кеңейтуге бағытталған қызметті қамтамасыз етеді.
Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
- шетелдік университеттермен, ғылыми орталықтармен және ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты дамыту және үйлестіру;
- халықаралық ғылыми және академиялық өзара іс-қимыл туралы келісімдерді сүйемелдеу;
- білім алушылардың, профессор-оқытушылар құрамының және ғылыми қызметкерлердің академиялық ұтқырлық бағдарламаларын ұйымдастыру;
- университеттің халықаралық ғылыми және білім беру жобаларына, гранттарына және бағдарламаларына қатысуына жәрдемдесу;
- халықаралық тағылымдамаларға, бірлескен зерттеулерге, дәрістер мен ғылыми іс-шараларға ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау көрсету;
- университетті халықаралық академиялық кеңістікте ілгерілету.
3. Ғылыми-ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі
Ғылыми-ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі «ҚазТБУ хабаршысы» ғылыми журналының ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуін жүзеге асырады.
Бөлім қызметі «ҚазТБУ хабаршысы» ғылыми журналын шығару мен дамытуға, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы мен зерттеушілердің жарияланымдық белсенділігін ақпараттық қолдауға бағытталған.
Бөлімнің негізгі функциялары:
- «ҚазТБУ хабаршысы» ғылыми журналын ұйымдастырушылық және редакциялық сүйемелдеу, соның ішінде мақалаларды қабылдау, тіркеу, рецензиялау және жариялауға дайындау;
- авторлармен, рецензенттермен және редакциялық алқа мүшелерімен өзара іс-қимылды үйлестіру;
- жарияланымдардың ұлттық және халықаралық ғылыми стандарттар талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
- профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлердің жарияланымдық белсенділігін ақпараттық қолдау;
- жарияланымдардың наукометриялық талдауын сүйемелдеу, журналдың индексациясын мониторингтеу;
- ғылыми мақалаларды рәсімдеу, библиографиялық сілтемелерді жасау және ғылыми-ақпараттық ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша кеңес беру;
- журнал туралы ақпаратты халықаралық деректер базаларына енгізу.