Студенттер мен магистранттардың ғылыми зерттеу жұмысы

Университетте профессор-оқытушылар құрамының, магистранттар мен студенттердің инновациялық ұсыныстары мен ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелері жүйелі түрде іске асырылуда. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері оқу үдерісіне белсенді енгізіліп, білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуде пайдаланылады, сондай-ақ республикалық және халықаралық ғылыми іс-шараларда ұсынылады.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы оқу үдерісі аясында (курстық және дипломдық жобалар, зертханалық жұмыстар), сондай-ақ аудиториядан тыс қызмет арқылы — конкурстарға, пәндік олимпиадаларға, ғылыми гранттарға, фестивальдерге, көрмелерге және ғылыми үйірмелерге қатысу арқылы жүзеге асырылады. Мұндай тәсіл білім алушылардың зерттеушілік, жобалық және инновациялық құзыреттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Университет студенттерінің республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадаларға қатысу нәтижелері бойынша тұрақты оң динамика көрсетіп отыр, бұл студенттік ғылымды қолдау мен тәлімгерлік жүйесінің тиімділігін дәлелдейді.

Білім алушылардың жетістіктері

Университет студенттері келесі бағыттар бойынша республикалық және халықаралық олимпиадаларда, конкурстарда, ғылыми-зерттеу жобаларында, фестивальдерде және кәсіби жарыстарда үнемі жүлдегерлер мен жеңімпаздар атанып келеді:

  • тағам өнімдерінің технологиясы және биотехнология;
  • стандарттау, сертификаттау және инженерлік ғылымдар;
  • дизайн (сән дизайны, графикалық дизайн);
  • ақпараттық технологиялар, робототехника және техникалық жүйелер;
  • менеджмент, экономика, мейрамхана ісі және қонақжайлылық бизнесі.

Білім алушылар менеджмент, биотехнология, мейрамхана және қонақжайлылық бизнесі, дизайн және техникалық ғылымдар салаларындағы халықаралық конкурстар мен жобаларда университеттің атын сәтті қорғап, кәсіби даярлықтың жоғары деңгейін, креативтілікті және жобалардың практикалық бағыттылығын көрсетуде.

Студенттердің инновациялық жобаларын дамытуға, әсіресе цифрлық технологиялар, инженерлік шешімдер және қолданбалы әзірлемелер саласында ерекше назар аударылады. Бірқатар студенттік жұмыстар республикалық деңгейде мойындалып, Казпатентте тіркелген зияткерлік меншік объектілері ретінде рәсімделді.