Академиялық ұтқырлық

28-05-2025

Конырханова Назира Фн-221 КазУТБ

Мен академиялық мобильділік бағдарламасы аясында Астанадан Алматыға бір семестрге оқуға ауыстым. Бұл тәжірибе мен үшін өте пайдалы әрі қызықты болды. Алматы қаласының табиғаты, мәдениеті мен адамдары маған үлкен әсер қалдырды. Университеттегі оқу процесі жақсы ұйымдастырылған, оқытушылар білікті әрі қолдауға дайын. Жаңа ортаға бейімделу оңай болды, себебі студенттер де, мұғалімдер де жылы қабылдады.

28-05-2025

Рысбекова Айымжан УиА-221

Мен осы жылы академиялық мобильность бағдарламасы бойынша АТУ-де күзгі семестрде оқуға мүмкіндік алдым. Бұл бағдарлама менің тек практикалық дамуыма ғана әсер етіп қоймай, жана ортаға дағдылануға үйретті. Академиялық мобильдік бағдарлама әр студентке өзін жаңа ортада сынап көруге жане кәсіби, жеке дамуына үлкен әсер етеді. Сол себептен барша студенттерге осы бағдарламаға қатысып көрулеріне кеңес беремін!

28-05-2025

Айтжан Ділназ Фн-221

Мен, Қазақ технология және бизнес университетінің студенті ретінде, 3-курстың екінші семестрін “Мобильді академия” бағдарламасы аясында Көкшетау қаласындағы Абай Мырзахметов атындағы университетте оқып өттім.Осындай мүмкіндік жасаған өз университетіме үлкен алғысымды білдіремін! Бұл бағдарлама маған өз мамандығым бойынша басқа оқу орнында білім алып, жаңа оқу бағдарламасымен танысуға жол ашты.Жаңа орта, жаңа тәжірибе — бұл өсу мен дамудың нағыз жолы. Қорықпаңыздар, басқа қалаларға, тіпті шет елдерге барып оқуға тырысыңыздар. Бұл кәсіби әрі тұлғалық дамуға үлкен серпін береді!

05-12-2024

Куала-Лумпур университетінің өкілдерімен кездесу

2024 жылдың 4 желтоқсанында Туризм және Сервис кафедрасы Малайзиядағы Куала-Лумпур университетінің өкілдерімен кездесу өткізді.

28-11-2024

Студенттердің шетелдік академиялық ұтқырлығы

Шет елдерге академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға 2024-2025 оқу жылының күзгі семестрінде 3 студент жіберілді.

06-03-2024

Студенттердің шетелдік академиялық ұтқырлығы

Шетелдік академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2023-2024 оқу жылының көктемгі семестрінде Малайзия мен Польшада 3 студент оқиды.

27-10-2023

Малайзияда студенттерді оқыту

2023 жылдың қазан айында "Дизайн" білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері Мусина Диляра мен Алимкулова Дина Малайзияның ірі технологиялық университетіне 1 семестрге академиялық ұтқырлық бойынша оқуға жіберілді.

Академиялық ұтқырлық - интернационалдандыру элементі

Академиялық ұтқырлық-білім алушыларды немесе оқытушыларды (зерттеушілерді) оқыту немесе зерттеу жүргізу мақсатында белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) басқа оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) ауыстыру.

Академиялық ұтқырлық университетте келесі елдердің: Ресей, Болгария, Түркия, Латвия, Польша, Беларусь, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Кипр елдерінің қолданыстағы жоғары оқу орындарымен жасалған шарттар, келісімдер мен меморандумдар негізінде жүзеге асырылады.

Академиялық ұтқырлық университетте келесі елдердің: Ресей, Болгария, Түркия, Латвия, Польша, Беларусь, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Кипр елдерінің қолданыстағы жоғары оқу орындарымен жасалған шарттар, келісімдер мен меморандумдар негізінде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ академиялық ұтқырлық шеңберінде Алматы, Тараз, Павлодар, Көкшетау, Қарағанды, Өскемен, Орал, Ақтөбе, Жезқазған, Түркістан, Қызылорда қалаларының 22 қазақстандық ЖОО-мен ынтымақтастық бар.

Академиялық ұтқырлық шеңберінде басқа ЖОО-да оқығысы келетін студенттерді ресімдеу мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

1) өтініш;

2) транскрипт;

3) жеке оқу жоспары;

4) сауалнама;

5) бұйрық;

6) шарт үш жақты.

Академиялық ұтқырлық тұлғааралық қарым-қатынас, тұлғалық жетілу дағдыларының дамуына оң әсер етеді. Студенттер басқа елде болған кезде жетіліп қана қоймай, мәдениетаралық құзыреттілікке ие болады.

Шетелдік академиялық ұтқырлық

      2022 жылы Туриба университетінде (Латвия) 3 студент шетелдік академиялық ұтқырлықтан өтті: Кабанова С., Карибаева Н., Жақыпова Ғ.

      Туриб университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы ағылшын тілінде игеріліп, оқу үлгерімі туралы растайтын транскрипттер алынды.

      Бұл студенттер қазіргі уақытта "Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі", "Туризм", "Халықаралық туризм" білім беру бағдарламалары бойынша 3 курста оқиды.

Шетелдік академиялық ұтқырлық

      2022-2023 оқу жылының көктемгі семестрінде халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Түркияда (Antalya Bilim University) екі студент оқиды: Омарова Е., Такамбаева М.

      Бұл студенттер "Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі", "Туризм" білім беру бағдарламалары бойынша оқиды.

Қазақстандағы академиялық ұтқырлық

      Ағымдағы 2022-2023 оқу жылының екінші семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында 8 студент оқиды.

      Атап айтқанда, Алматы технологиялық университетінде 5 студент, Қазақстан-Америка еркін университетінде (Өскемен қ.) - 1 студент, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде – 1 студент, Торайғыров университетінде (Павлодар қ.) – 1 студент білім алуда.

      Атап айтқанда, Алматы технологиялық университетінде 5 студент, Қазақстан-Америка еркін университетінде (Өскемен қ.) - 1 студент, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде – 1 студент, Торайғыров университетінде (Павлодар қ.) – 1 студент білім алуда.

      Айта кету керек, біздің университет өзінің қуатты материалдық-техникалық базасымен басқа жоғары оқу орындарының студенттерін ерекше тартады. Жыл сайын басқа жоғары оқу орындарының студенттері оқиды.

      Мысалы, 2022-2023 оқу жылының көктемгі семестріне Алматы, Орал, Өскемен қалаларынан 43 студент академиялық ұтқырлық бойынша келді.