Білім беру бағдарламалары басқармасы

Баядилова Бакыт Мелисовна

білім беру бағдарламалары басқармасының жетекшісі, PhD, ассистент-профессор

E-mail:

b.bayadilova@kaztbu.edu.kz

Ішкі тел.:

106

Каб.:

1/600а

Университеттегі сапалы білім берудің негізін білім беру бағдарламалары құрайды. Білім беру бағдарламаларын басқару олардың әзірленуін, жаңартылуын және іске асырылуын үйлестіреді. Бұл үдеріс практикалық бағыттылыққа басымдық бере отырып, оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларының еңбек нарығының өзекті талаптарына және білім беру саласындағы нормативтік стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Білім беру бағдарламалары басқармасының мақсаттары:

  • «Қ.Құлажанов атындағы ҚазТБУ» АҚ жүзеге асырылатын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру үдерісін жоспарлау, ұйымдастыру және мониторинг жүргізу, сондай-ақ оқу үдерісіне қатысатын барлық құрылымдық бөлімшелер мен лауазымды тұлғалардың өзара іс-қимылын үйлестіру.
  • «Қ.Құлажанов атындағы ҚазТБУ» АҚ білім беру үдерісін жоспарлау, ұйымдастыру, басқару, бақылау және жетілдіру бойынша қызметін үйлестіру және ұйымдастыру, академиялық саясатқа, ішкі сапаны қамтамасыз ету саясатына және университет стратегиясына сәйкес оқу-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру.

Негізгі міндеттер

  • Университеттің академиялық саясатын қалыптастыруға қатысу.
  • Өз құзыреті шегінде білім беру үдерісін жетілдіруге бағытталған ішкі нормативтік және нұсқаулық құжаттарды әзірлеу.
  • Оқу үдерісін ұзақ мерзімді және ағымдағы жоспарлау.
  • «Қ.Құлажанов атындағы ҚазТБУ» АҚ, факультеттер мен кафедралардың оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау.
  • Оқу үдерісін кредиттік оқыту технологиясы негізінде ұйымдастыру және басқару.
  • Оқу жүктемесін есептеу, кафедралар мен университет бойынша профессорлық-оқытушылық құрамның штаттық кестесінің жобасын әзірлеу.
  • Озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату, университет деңгейінде заманауи білім беру технологияларын енгізу.
  • Бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламаларын әзірлеу, Реестрге енгізу және жаңарту бойынша бітіруші кафедралардың қызметін үйлестіру.
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағыттары бойынша «Қ.Құлажанов атындағы ҚазТБУ» АҚ білім беру қызметінің Квалификациялық талаптарға және оларды растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіру.
  • Қос дипломды білім беру бағдарламаларын жоспарлау және іске асыру бойынша кафедралардың қызметін үйлестіру.
  • Бакалавриат және магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша үштілді оқытуды жүзеге асыру бағытында құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру.
  • Оқу үдерісінің бекітілген сабақ кестесіне сәйкестігін бақылау.
  • «Қ.Құлажанов атындағы ҚазТБУ» АҚ профессорлық-оқытушылық құрамының жеке жоспарларын әзірлеу мен олардың орындалуын талдау және бақылау.
  • Оқу үдерісін нормативтік-ақпараттық және ұйымдастырушылық-кеңестік тұрғыдан қамтамасыз ету.

Білім беру бағдарламалары басқармасының функциялары

  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын лицензиялау мен аккредитациялауға, сондай-ақ «Қ.Құлажанов атындағы ҚазТБУ» АҚ қызметінің кешенді бағалау рәсіміне дайындық шеңберінде құжатталған ақпаратты әзірлеу.
  • «Қ.Құлажанов атындағы ҚазТБУ» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу жөніндегі іс-қимылдарын үйлестіру.
  • БББ қызметі бағыттары бойынша оқыту семинарларын ұйымдастыру.
  • Қолданыстағы білім беру заңнамасына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру үдерісін жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау.
  • Білім беру бағдарламаларының түпнұсқаларын есепке алу және өзектендіру.
  • Білім беру үдерісін ұйымдастыруды реттейтін нормативтік және өкімдік құжатталған ақпаратты келісу.
  • ЖОО-лардың білім беру үдерісін жоспарлау тәжірибесін зерделеу және «Қ.Құлажанов атындағы ҚазТБУ» АҚ оқу үдерісін ұйымдастыруды жетілдіру.
  • ҚР ҒЖБМ МЖМБС талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларының оқу жоспарларын әзірлеуге, түзетуге және сараптауға қатысу, сондай-ақ оларды бекітуге ұсыну.
  • Оқу-әдістемелік жұмыс бойынша аккредитациялық көрсеткіштердің орындалуын ұйымдастыру, талдау және бақылау.
  • Білім беру үдерісінің әдістемелік қамтамасыз етілуін реттейтін нормативтік және өкімдік құжаттарды әзірлеуге қатысу.
  • Қазақстан Республикасы мен шетел жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастырудағы озық тәжірибесін зерделеу.
  • Факультеттердің, кафедралардың және «Қ.Құлажанов атындағы ҚазТБУ» АҚ профессорлық-оқытушылық құрамының оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру мен қамтамасыз етудегі оң тәжірибесін жинақтау және тарату.
  • Білім беру үдерісіне инновациялық білім беру технологияларын енгізу жобаларын әзірлеу және осы жобаларды басқару.
  • ҚР ҒЖБМ РУМС және «Қ.Құлажанов атындағы ҚазТБУ» АҚ ҒӘК шеңберінде БББ жұмысының жоспарлануы мен ұйымдастырылуы.
  • Ғылыми-әдістемелік конференциялар, семинарлар, байқаулар, көрмелер және ішкі конкурстар сияқты оқу-әдістемелік сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру және олардың өткізілуін бақылау.
  • «Қ.Құлажанов атындағы ҚазТБУ» АҚ ресми сайтында білім беру бағдарламалары бойынша электрондық оқу-әдістемелік құжатталған ақпарат базасын қалыптастыру.
  • БББ үйлестіретін процестер бойынша «СМЖ қызмет етуі» және «Менеджментті талдау» бөлімдері бойынша жылдық есепті дайындау.
  • Ғылыми кеңеске, ректоратқа және ҒӘК-ке материалдар дайындауға қатысу.
  • Жоғары білімді кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қалыптастыру.
  • «Атамекен» ҰКП және өзге де агенттіктер рейтингтеріне қатысу үшін материалдар дайындауға қатысу.
  • «Қ.Құлажанов атындағы ҚазТБУ» АҚ институционалдық аккредитациясына және бакалавриат пен магистратура білім беру бағдарламаларының мамандандырылған аккредитациясына арналған материалдарды дайындауға қатысу.

Оқу бөлімі

Оқу бөлімінің қызметінің мақсаты – оқу үдерісін тиімді басқару және оны үздіксіз жетілдіру. Бұл мақсатқа білім беру үдерісінің нәтижелілігі мен білім алушылардың даярлығының сапасын арттыруға бағытталған заманауи прогрессивті технологиялар мен құралдарды енгізу арқылы қол жеткізіледі.

Әдістемелік бөлім

Әдістемелік бөлім қызметінің мақсаты - білім беру сапасын арттыруға бағытталған оқу-әдістемелік жұмысты жоспарлау, ұйымдастыру және мониторингілеу.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі

Бөлімнің негізгі мақсаты – магистратура, докторантура және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің өзге де түрлері бойынша білім беру бағдарламалары аясында оқу процесі мен ғылыми-зерттеу қызметін тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету, ұлттық және халықаралық талаптарға сай жоғары білікті кадрларды даярлауға бағыттау.