«Мемлекеттік және шетел тілдері» кафедрасы

Кафедра меңгерушісі

Канафиева Куланда Кабылсеитовна

Кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты

Тел.:

+7 701 529 0091

ішкі:

137

Құрметті студенттер!

Мен сіздерді Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің «Мемлекеттік және шетел тілдері» кафедрасында шын жүректен қарсы алуға қуаныштымын!

Қазіргі заманғы білім беру жүйесін мемлекеттік және шетел тілдерін меңгерусіз елестету мүмкін емес. Себебі дәл осы тілдер әлемдік білімге, халықаралық ынтымақтастыққа және кәсіби өсуге жол ашады. Біздің кафедраның басты мақсаты – тілдерді өздерінің кәсіби және ғылыми қызметінде еркін қолдана алатын, жаһандану жағдайында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Кафедрадағы жоғары білікті оқытушылар дәстүрлі және заманауи оқыту әдістерін ұштастыра отырып, студенттердің іргелі білім алуына да, тәжірибелік дағдыларын дамытуға да ерекше назар аударады. Біз әр студент өз әлеуетін толық аша алатындай, дүниетанымын кеңейтіп, мемлекеттік және шетел тілдерінде еркін сөйлей алатындай жағдай жасауға ұмтыламыз.

Біз өз түлектерімізді мақтан тұтамыз, себебі олар алған білімдерін түрлі салаларда табысты қолданып, мәдениеттер арасындағы көпірге айналып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда.

Біздің кафедраға қош келдіңіздер! Мұнда сіздерді шығармашылық, ынтымақтастық және жаңа биіктерге ұмтылу рухы күтіп тұр.

Құрметпен,

«Мемлекеттік және шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі

Канафиева Күләнда Қабылсейітқызы

«Мемлекеттік және шетел тілдері» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы

«Мемлекеттік және шетел тілдері» кафедрасының

профессорлық-оқытушылық құрамы

 

Аты-жөні

Лауазымы

Ғылыми дәрежесі

1

Канафиева Куланда Кабылсеитовна

кафедра меңгерушісі, ассистент-профессор

педагогика ғылымдарының кандидаты

2

Балкунова Нина Петровна

қауымдастырылған

профессор

педагогика ғылымдарының кандидаты

3

Шаһарман Гүлжихан Пішенбаевна

қауымдастырылған

профессор

филология ғылымдарының кандидаты

4

Аренова Маржан Жакуповна

ассистент- профессор

филология ғылымдарының кандидаты

5

Жанабекова Гаухар Жакуповна

ассистент- профессор

филология ғылымдарының кандидаты

6

Галямова Жупар Кенжетаевна

ассистент- профессор

филология ғылымдарының кандидаты

7

Сарбалаев Елдос Жаксыбаевич

ассистент- профессор

филология ғылымдарының кандидаты

8

Исаева Жибек Кайруллиновна

ассистент - профессор

педагогика ғылымдарының кандидаты

9

Усипбаева Перизат Сагынбековна

ассистент- профессор

философия докторы PhD


10

Тлепберген Динара

ассистент

философия докторы PhD


11

Байгожина Акмарал Егеубаевна

сеньор-лектор

филология ғылымдарының кандидаты

12

Казбекова Меруерт Казбековна

сеньор-лектор

педагогика ғылымдарының магистрі

13

Хусаинова Айгуль Кайкеновна

сеньор-лектор

гуманитарлық ғылымдар магистрі

14

Жортушинова Айман Кажимуратовна

сеньор-лектор

педагогика ғылымдарының магистрі

15

Джумамухамбетова Батима Жамшитовна

сеньор-лектор

филология магистрі

16

Серимбетова Рабига Асанхановна

сеньор-лектор

педагогика ғылымдарының магистрі

17

Кунтубаева Гульнара Оразбековна

сеньор-лектор

педагогика және психология ғылымдарының магистрі

18

Алимбетова Рабига Ваисбековна

сеньор-лектор

педагогика ғылымдарының магистрі

19

Ешниязова Заира Абдыкалыковна

сеньор-лектор

гуманитарлық ғылымдар магистрі

20

Хасенова Гульмира Абдрахмановна

сеньор-лектор

гуманитарлық ғылымдар магистрі

21

Нурдыбаева Айгуль Калиевна

сеньор-лектор

педагогика ғылымдарының магистрі

22

Алматова Алмагуль Калижаровна

ассистент


23

Құрбанов Дарын Ержанұлы

ассистент

филология ғылымдарының магистрі

24

Жармухамедова Меруерт Елубековна

ассистент

педагогика ғылымдарының магистрі

25

Абилкасымова Айжан Кайсаровна

ассистент

гуманитарлық ғылымдар магистрі

26

Алиаскар Айжан

ассистент

филология ғылымдарының магистрі

Кафедра туралы


«Мемлекеттік және шетел тілдері» кафедрасы 2025 жылы «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасынан жеке бөлініп шығып құрылды. Кафедра барлық білім беру бағдарламалары бойынша қызмет көрсететін және қазақ, орыс, ағылшын, түрік және қытай тілдері сияқты пәндер бойынша сабақ өткізуді қамтамасыз ететін кафедра болып табылады

Кафедраның негiзгi мақсаты студенттердiң тiлдiк даярлығының тиiстi деңгейiн қамтамасыз ету, студенттердің мемлекеттiк, орыс және шетел тiлдерiн меңгеруде кәсiби және жеке тұлғалық жағынан дамуына қажеттi теориялық бiлiм мен практикалық дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Кафедра өз жұмысында мәдениетаралық коммуникацияны, сыни ойлау мен академиялық сауаттылықты дамытуға жағдай жасай отырып, студентке бейімделген және құзыреттілік-бағдарланған тәсілдерге сүйенеді.

«Мемлекеттік және шетел тілдері» кафедрасы Бішкек қаласындағы Ж.Баласагын атындағы Қырғыз ұлттық университетімен; РФ-ның Т.Ф. Горбачев атындағы Кузбасс техникалық университетімен; Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетімен; Санкт-Петербург мемлекеттік университетімен (СПбГУ); АҚШ-тың Santa Monica College in Los Angeles, МАТС University of Wisconsin, Houston Community College University of Houston, LaGuardia College University of New York сияқты университеттерімен зерттеу жобалары, тағылымдамалар және тәжірибе алмасу шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асырады. Сондай-ақ кафедра Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінде білім беруді ілгерілету, педагогтарды оқыту және жастардың қатысуымен ағартушылық жобаларды қолдайтын ЮНЕСКО-ның Білім берудегі ақпараттық технологиялар институтымен ынтымақтастықта.

Кафедра ҚР ҒжЖБ Тіл саясаты комитетімен, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен, Қазақстан халқы Ассамблеясымен, Астана қаласы Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының «Руханият» мемлекеттік мекемесімен байланыста.

Кафедра ОПҚ ғылыми зерттеулерге, білім беру жобаларына және халықаралық конференцияларға қатысып, кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетіп жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Кафедра оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары ҚР БҒМ БҒССҚК ұсынған басылымдарда, Scopus базасына кіретін журналдарда, сондай-ақ халықаралық және республикалық басылымдар мен конференциялар жинақтарында жарияланады.

Сондай-ақ, оқытушылар өз біліктіліктерін белсенді түрде арттыруда, мысалы шетелде: М.Ж. Аренова – АҚШ, Language Institute, Department of Languages & Cultures of Asia, Indiana University, Bloomington, Indianapolis: Department of Central Eurasian Studies Society (CESS), Summer Language Program – SWSEEL, Michigan University and IU-Bloomington: Distance Teaching; М.К. Қазбекова – Бельгия, University of Mons (UMONS); А.К. Жортушинова – Түркия, IKSAD Institute and Ankara Metropolitan Municipality; Г.А. Хасенова – РФ, Қазан (Приволжский) федералдық университеті; М.Е. Жармұхамедова – ҚХР, Аньшань педагогикалық университеті, Аньшань қ., Ляонин провинциясы; Қ.Қ. Қанафиева – Ұлыбритания, Westbourne Academy, Bournemouth қ.

Оқытушылардың арасында еңбегі әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық наградалармен және айырым белгілерімен ерекше марапатталғандар, оның ішінде : Г П.Шахарман – Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алғыс» төсбелгісі, Алматы қаласы әкімдігінің Алғыс хаты; Н.П. Балкунова - "Ы. Алтынсарин "төсбелгісі; Галямова Ж.К. – ҚР ТЖМ және Астана қаласы әкімінің Алғыс хаты; Қ.Қ. Қанафиева - ҚР БҒМ Құрмет грамотасы, Д.Е. Құрбанов - «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» атағының иегері, «Елбасы медалі» жобасының қола медалі бар.