Мансап орталығының қызметі
Мансап орталығы — университеттің құрылымдық бөлімшесі. Ол келесі негізгі мәселелерге жетекшілік етеді:
Кәсіби практика және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы 158 серіктес-жұмыс берушімен келісімшарттар мен меморандумдар жасалған. Олардың қатарында: ҚазМұнайГаз, Қазақтелеком, «Цесна-Астық» концерні, Қазақстанның Халал Индустриясы қауымдастығы, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті, Петропавл электротехникалық зауыты, Қазақстандық өнеркәсіпті дамыту институты, ҚР Президенті Іс басқармасының Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы, Қазақстан Республикасы Туроператорлары қауымдастығы, Rixos President Hotel, KazWestTrans, Techlab Digital Solutions, «Рухани жаңғыру» қоғамдық қоры, Capital Projects Ltd, Astana Development Group, БанкЦентрКредит, Астана қаласы «Нұра» ауданы әкімінің аппараты, Целиноград ауданы әкімінің аппараты, Целинная фабрика, Экологиялық және өнеркәсіптік биотехнологияның ғылыми-өндірістік орталығы, KazEcoExpert, Kazakh Invest, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Көмек-Астана», «Энергия үнемдейтін технологиялар» ғылыми-өндірістік бірлестігі, Көмір химиясы және технологиялары институты, «KazakhAltyn Технологии», «Туристік Қамқор» корпоративтік қоры, «Саят-Travel», «Тау-Кен Самұрық», Степногорск подшипник зауыты, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты, «ҚТЖ» АҚ филиалы – Теміржол көлігі персоналын дамыту орталығы, ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясы, STEM Academia, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы және басқа да компаниялар.
«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2025»
Университетте білім алушылар үшін дәстүрлі түрде «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» іс-шарасы өткізіледі. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты — түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
Кезекті «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» 2025 жылғы 25 сәуірде өтті. Іс-шараға 32 ұйымнан 40-тан астам өкіл шақырылды. Олардың қатарында мемлекеттік мекемелер, ірі ұлттық және жеке компаниялар, қаржы ұйымдары, өнеркәсіп кәсіпорындары, бизнес-құрылымдар, сондай-ақ күштік құрылымдардың өкілдері болды.
Құттықтау сөз сөйледі:
Түлек-студенттер келген ұйымдардың HR-менеджерлерімен сұхбаттасу арқылы жұмысқа орналасуға қажетті ақпарат алып, өздерін таныстыруға мүмкіндік алды.
Түлектер қауымдастығы
Университетте Түлектер қауымдастығы құрылды. Оның құрамына әр жылдардағы түлектер — әртүрлі министрліктерде, мемлекеттік күштік құрылымдарда, әкімдіктерде, ірі компанияларда және қаржы институттарында еңбек ететін мамандар енді.
2025 жылғы 03 қазанда Түлектер қауымдастығының алғашқы отырысы өтті. Нарықтық экономиканың өзекті мәселелері талқыланып, университеттің ұстанымын одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды ұсыныстар әзірленді.
Түлектер қауымдастығының басты мақсаты — корпоративтік рухты, өзара көмек пен ынтымақтастықты қалыптастыру, университетіміздің имиджін қолдау және арттыру, түлектерді ілгерілету, мәдени дәстүрлерді дамыту.
Отырыс барысында:
Сондай-ақ білім алушыларға арналған Қауымдастық мүшелерінің қонақ дәрістерінің кестесі жасалды. Мысалы, мына тақырыптар бойынша:
Аталған қонақ дәрістер оқу жылының әр кезеңінде өткізілді, нәтижесінде білім алушылар практикалық тәжірибе жинақтап, білім мен қосымша құзыреттерге ие болды. Түлектер қауымдастығын құру алдағы уақытта да нәтижелі жұмыстың жалғасуына ықпал етеді.
Қамқоршылық кеңес
Университетте алғаш рет мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың және қоғам қайраткерлерінің өкілдерінен құралған Қамқоршылық кеңес құрылды. Қамқоршылық кеңестің алғашқы отырысы 2026 жылғы 13 ақпанда өтті және таныстыру сипатында болды. Аталған отырыста Қамқоршылық кеңестің төрағасы мен құрамы бекітіліп, сондай-ақ университеттің білім беру қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Қамқоршылық кеңестің қызметі алдағы уақытта да белсенді форматта жалғасады.
Түлектерге арналған бос жұмыс орындары
Өңірлердегі бос жұмыс орындары туралы ақпарат университет түлектері үшін факультеттер бойынша құрылған ортақ топтық чаттарда жарияланады.
Бұл ақпарат жүйелі түрде жаңартылып отырады.