2025 жылы 12 қыркүйекте Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде 1-2 курс студенттерінің Астана қаласы прокуратурасының өкілімен кездесуі өтті. Профилактикалық әңгіме нашақорлыққа қарсы күрес тақырыбына арналды. Іс-шараны Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор, технологиялық факультет деканымен бірлесіп ұйымдастырды.