2026 жылғы 14 ақпанда Халықаралық кітап сыйлау күніне орай университеттің Ғылыми кітапханасында «Шын жүректен кітап сыйла» атты акциясы ұйымдастырылды.
Аталған шара аясында Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Абуов Айдар Парқұлұлы өзінің ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектерінен құралған 10 оқулық пен монографияны кітапхана қорына тарту етті.
Профессор Абуов Айдар Парқұлұлының бұл бастамасы – білім мен ғылымды дамытуға, студенттер мен жас зерттеушілердің сапалы оқу ресурстарына қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Сыйға берілген еңбектер оқу үдерісінде және ғылыми-зерттеу жұмыстарында кеңінен пайдаланылатын болады.
Сонымен қатар, профессор Баимбетова Рабига Кабдуловна да өзінің жеке кітапханасынан құнды монографиялар мен оқу құралдарын кітапхана қорына сыйға тартты.
Шара барысында Ғылыми кітапхана ұжымы профессорларға шынайы алғысын білдіріп, мұндай игі бастамалардың жастарды кітап оқуға, ғылыми ізденіске және білімге құштарлыққа баулудағы маңызын ерекше атап өтті.