Институционалдық және Мамандандырылған аккредитация

2025 жылғы 2 желтоқсанда "Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті" АҚ-да Білім беруді аккредиттеу жөніндегі Орталық Азиялық Қауымдастығының (ОАБЖАҚ/CAAAE) сыртқы сараптамалық комиссиясы өз жұмысын бастады.

Кешенді аккредиттеу рәсімі 2025 жылғы 2 мен 4 желтоқсан аралығында жалғасады.

Сапар аясында ОАБЖАҚ сарапшылары келесілерді жүргізеді:

  • Институционалдық аккредиттеу: Университеттің білім беру мекемесі ретіндегі қызметін бағалау (басқару, ресурстар, миссия).
  • Мамандандырылған аккредиттеу: Әртүрлі дайындық бағыттары бойынша 7 білім беру бағдарламасына (ББ) терең сараптама жасау.

Аккредиттеудің негізгі мақсаты — ҚазТБУ-да мамандарды даярлау сапасының ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкестігін растау.




ОАБЖАҚ сараптамалық комиссиясы келесі негізгі критерийлер бойынша талдау жүргізеді:

  • Оқу бағдарламаларының мазмұны мен өзектілігі.
  • Профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігі.
  • Білім беру процесін қамтамасыз ету (ресурстар, IT-инфрақұрылым).
  • Оқыту нәтижелері және түлектердің еңбек нарығында сұранысқа ие болуы.

ОАБЖАҚ аккредиттеуінен сәтті өту келесілер үшін маңызды қадам болып табылады:

  • «Қ. Құлажанов атындағы ҚазТБУ» АҚ дипломдарына деген сенімді арттыру.
  • Университеттің жоғары білім беру жүйесіндегі позициясын нығайту.
  • Әрі қарайғы жетілдіру мен даму векторларын анықтау.