2025 жылғы 11 қарашада сағат 11.00-де "Қаржы және есеп" кафедрасының м.а. профессоры Г. Ж. Есенова "Салық және салық салу» пәні бойынша «Әлеуметтік салық: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР жаңа Салық Кодексіндегі өзгерістер "тақырыбында ФН-232 тобының 3 курс студенттеріне ашық дәріс сабағын өткізді (аудитория 2/301). Ашық дәріс ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің шақырылған практикалық маманы - қызметкерінің қатысуымен "Кейс-әдіс (case Study): шешімдерді әзірлеу үшін нақты немесе имитацияланған кәсіби жағдайларды талдау" оқыту әдісін қолдана отырып және ҚР жаңа Салық кодексіндегі өзгерістердің мемлекеттің экономикалық дамуына әсерін талқылай отырып, "Collaborative teaching" форматында өткізілді. Айта кету керек , дәріс ««Күндізгі формат» студиясы» прототипі бойынша мастер-класс форматында өткізілді және студенттер дәріс тақырыбы бойынша негізгі мәселелерді талқылауда жоғары белсенділік танытты.