ҚазТБУ – ISO Бас хатшысымен кездесуде!

16 қазан күні Қ. Құлажанов атындағы ҚазТБУ оқытушылары мен білім алушылары Nazarbayev University алаңында өткен Халықаралық стандарттау ұйымының Бас хатшысы Серхио Мухикамен кездесуге қатысты.

Талқыланған негізгі тақырыптар:

1) Стандарттау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

2) Орталық Азия елдерінің ISO-ның жұмыс топтарына қатысуы.

3) Жаңа буын мамандарын даярлауда білім берудің рөлі.

Серхио Мухика Қазақстанның және жоғары оқу орындарының әлемдік стандарттауды дамытуға қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті.

ҚазТБУ атынан қатысқандар «Технология және стандарттау» кафедра меңгерушісі Байтукенова С.Б., оқытушылар Туреханова Г.И., Аубакирова А.К. және 6В07525 Стандарттау және сертификаттау білім беру бағдарламасы бойынша оқып жатқан білім алушылар.

Алынған тәжірибелік нәтиже оқу бағдарламаларын жетілдіру мен білім алушылардың практикалық дайындығын жақсартудың негізі болады.