ҚазТБУ студенттерінің қоғамдық белсенділігі

2026 жылғы наурыз айында Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті, Технологиялық факультетінің «Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн» кафедрасының «Дизайн (Сән дизайны траекториясы)» ББ білім алушылары Дулатова Эльмира мен Ералиқызы Назерке жалпыұлттық коалиция жұмысына белсенді қатысты.

Олар Республикалық референдум аясында үгіт-насихат жүргізіп, түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысты.

Белсенді қоғамдық қызметі үшін студенттер Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан алғыс хат алды.

Университет білім алушылардың белсенділігін жоғары бағалайды. Осындай жастармен еліміздің болашағы жарқын!