2026 жылғы 10 сәуірде К. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде «Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект дәуіріндегі пәнаралық зерттеулердің перспективалық бағыттары» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға «Туризм және сервис» кафедрасының білім алушылары белсенді түрде қатысты.
Конференцияның мақсаты — цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің қарқынды дамуы жағдайында ғылыми идеялармен алмасу, өзекті мәселелерді талқылау және пәнаралық зерттеулерді дамыту үшін платформа құру болды.
Конференция аясында цифрландырудың заманауи үрдістері, әртүрлі салаларға жасанды интеллектті енгізу мәселелері, соның ішінде туризм саласында Big Data мен жасанды интеллектті пайдалану, сондай-ақ технологиялық өзгерістер жағдайында ғылым мен білім берудің даму перспективалары қарастырылды.
Сонымен қатар конференция жұмысына басқа жоғары оқу орындарының өкілдері де қатысты, бұл ғылыми диалогтың кеңеюіне, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына және озық ғылыми тәжірибе алмасуға ықпал етті.