2025 жылғы 27 қарашада К. Қулажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің «Қаржы және есеп» кафедрасында «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге бағамының қалыптасуына әлемдік үрдістердің әсері» тақырыбында академиялық дебаттар өткізілді. Дебаттар 6В04108 – «Қаржы» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері арасында ұйымдастырылды. Модератор – ассистент-профессор Кабиева А.Т.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің талдамалық ойлауын дамыту, әлемдік және ішкі факторлардың теңге бағамына ықпалын түсіндіру және кәсіби пікірталас жүргізу дағдыларын қалыптастыру. Студенттер мұнай бағасы, АҚШ ФРЖ саясаты, геосаяси тәуекелдер секілді жаһандық факторларды, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкінің монетарлық саясаты, ішкі сұраныс, инфляциялық күтулер сияқты ішкі факторларды талқылап, терең талдау жасады.
