ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР

«Есеп және аудит» кафедрасының PhD, ассистент профессор Жабытай Баян Нұржанқызы 2025 жыл 25 қараша күні «Студент пен кітап: цифрлық дәуірдегі өзара байланыс» тақырыбында студенттер мен оқытушылар және кітапхана ұжымына әдістемелік семинар өтті. Цифрлық технологиялар білім алуға жаңа мүмкіндіктер ашқанымен, кітаптың негізгі миссиясы – ойды, сананы, руханиятты дамыту – өзгеріссіз қалады. Біздің міндетіміз – студентті ақпарат тасымалдаушының қай түріне болмасын сындарлы, сапалы, саналы түрде қарауға үйрету.