2025 жылғы 23 желтоқсанда Экономика және басқару кафедрасы аясында «Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша ТОО «C.N.G.S.» базасында филиал кафедрасы ашылды. Филиал кафедрасының мақсаты – білім алушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру, кәсіби құзыреттіліктерін дамыту және жұмыс берушілермен өзара ынтымақтастықты нығайту.