ЭКОТЕХНООЙЛАУ: жеке экожобаларды қалай құруға болады?

26 жылғы 26 ақпан күні «Ақпараттық технологиялар» кафедрасында онлайн форматта «ЭКОТЕХНООЙЛАУ: жеке экожобаларды қалай құруға болады» тақырыбында вебинар өтті.

Вебинардың мақсаты - жастар арасында экологияны, технологияны және кәсіпкерлікті біріктіретін жаңа ойлау жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ экологиялық идеяны нақты жобаға айналдыру жолдарын көрсету.

Спикер ретінде Women In Tech Awards Орталық Азия байқауының Green Tech номинациясының жеңімпазы, Global Green Hub негізін қалаушы, FLBA және IQBBA сертификатталған маман, трекинг акселерациялық бағдарламаларының қатысушысы Сейфуллина Асель Олжабаевна сөз сөйледі.

Кездесу барысында қатысушылар экожобаны қалай бастау керектігін, жастарды экологиялық бастамаларға тарту жолдарын және жобаларды заманауи цифрлық құралдар арқылы масштабтау тәсілдерін білді.

Вебинар жобалық ойлауды дамытуға, экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға және IT саласындағы білімді әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуде қолдану мүмкіндігін түсінуге ықпал етті. Кездесу соңында спикер барлық қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Спикерге мазмұнды әрі шабыттандыратын кездесу үшін алғыс білдіреміз! Вебинар ұйымдастырушысы «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының сеньор-лектор Джумагалиева Айнур Максимовна.

3.png

2.png

1.png