"Есеп және аудит", "Қаржы" ББ студенттері арасында есеп, аудит және қаржы бойынша олимпиада

4-5 наурыз күндері университетімізде «Есеп және аудит» және «Қаржы» білім беру бағдарламалары бойынша 2-3 курс студенттері арасында есеп және аудит, қаржы пәндері бойынша олимпиада өтті. Зияткерлік сайысқа УиА-222, УиА-231, ФН-231, ФН-232, ФН-221 және ФН-222 топтарының студенттері қатысты.

Олимпиада үш кезеңнен тұрды:

? Тестілеу – есеп және аудит, қаржы саласындағы теориялық білімдерін тексеру;

? Эрудит турнирі – қаржылық сауаттылыққа арналған интеллектуалдық сайыс;

? Ситуациялық тапсырма – нақты жағдайларды талдау және оңтайлы шешімдерді әзірлеу.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

? Тусупекова Динель (ФН-222), Фаткулина Махаббат (УиА-222) – 1 орын

? Раматулла Аружан (ФН-231), Алина Адилова (УиА-222) – 2 орын

? Зейнуллаева Малика (ФН-222), Тілеужан Жанел (УиА-231) – 3 орын

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға қызығушылықтары, жоғары дайындық деңгейі және кәсіби дамуға ұмтылысы үшін алғыс айтамыз! ??

Сізге оқуда табыс пен бухгалтерлік есеп, аудит және қаржы әлемінде жаңа жетістіктер тілейміз! ??