2026 жылғы 6 ақпанда сағат 11:00–12:00 аралығында ЮНЕСКО қолдауымен ұйымдастырылған «Әлемдік тарихи-мәдени мұраны сақтау, қорғау және басқару» тақырыбындағы Халықаралық «Auezov University – 2026» қысқы мектебі аясында мазмұнды дәріс өтті.
Ұйымдастырушы: М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Тарих және педагогика факультеті, «Жалпы тарих және музей ісі» кафедрасы.
Дәріс тақырыбы: Тарихи ескерткіштердің сақталу тәжірибесінің өзекті мәселелері.
Дәріскер: Абуов Айдар Паркулович – философия ғылымдарының докторы, Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті, Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры.
Дәріс барысында тарихи-мәдени мұраны сақтаудың заманауи тәсілдері, қорғау тетіктері мен басқару тәжірибесінің өзекті мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, халықаралық тәжірибе, құқықтық негіздер мен практикалық кейстер қарастырылды.
Іс-шара қатысушылар үшін пайдалы әрі мазмұнды өтіп, ғылыми тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды.