Халықаралық ғылыми-практикалық конференция: «Бекет ата Мырзағұлұлы – руханиятымыздың тірегі»

2025 жылдың 25–27 қыркүйек аралығында Бекет атаның 275 жылдығына орай халықаралық деңгейде ұйымдастырылған «Бекет ата Мырзағұлұлы – руханиятымыздың тірегі» атты ғылыми конференция өтті.

Конференция аясында еліміздің және шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдары, зерттеушілер мен дінтанушылар Бекет атаның рухани мұрасын, оның қазақ халқының мәдениеті мен дүниетанымындағы орнын жан-жақты талқылады.

Іс-шараға Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Абуов Айдар Парқұлы қатысып, мазмұнды баяндама жасады.

Өз сөзінде профессор Бекет атаның ілімі мен тағылымының қазіргі заманғы рухани құндылықтармен сабақтастығын, ұлттық сана мен адамгершілік тәрбиесіндегі маңызын атап өтті.

Бұл конференция – еліміздің рухани дамуы мен тарихи мұраларымызды насихаттауда маңызды қадам болды.