«Қаржы және есеп» кафедрасының PhD докторы Жабытай Баян Нұржанқызы 2025 жылғы 2 қараша мен 15 қараша аралығында Словакия Республикасының Братислава қаласындағы Экономикалық және бизнес университетінде (University of Economics and Business in Bratislava, EUBA) «Қалалық инфрақұрылымның инновациялық дамуын басқарудағы Еуропалық тәжірибе: қаржылық-экономикалық тетіктер және олардың халықаралық саудаға әсері» тақырыбында (72 сағат) ғылыми тағылымдамадан өтті. Аталған тағылымдама халықаралық академиялық әріптестікті кеңейтуге, ғылыми біліктілікті арттыруға және зерттеу жұмысының тиімділігін көтеруге мүмкіндік берді.