2026 жылдың 20 ақпанында Астана қаласында Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» және Т. Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен «AR/VR технологияларын көркем еңбек сабақтарында қолдану мүмкіндіктері» атты республикалық семинар өтті. Аталған шараға біздің кафедрадан келесі оқытушылар қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті:
Бекзат Айкүміс Бөріханқызы (магистр, PhD докторанты)
📖 Тақырыбы:«Көркем білім беруде этнодизайн қағидаттары негізінде болашақ педагог-дизайнерлердің кәсіби мәдениетін қалыптастыру (AR/VR технологиялары контекстінде)».
Дауенова Гульнур Толегеновна
📖 Тақырыбы: «Интерьердің визуализациясы».
Әріптестерімізді сәтті баяндама жасауларымен құттықтаймыз! ✨