Оқу, кітаптар, кино және тәтті тағамдар... Бұның барлығы үйреншікті нәрсе болып кетті ме? Үйдегі уақытты пайдалы әрі қызық өткізгіңіз келеді, бірақ неден бастау керек екендігін білмейсіз бе? Біз сізге көмектесе аламыз. Бізден – қызықты байқау, ал сіздерден тек қатысу және креативті ойлау қабілеттеріңіз қажет. Байқаудың шарттарын орындау еш қиындық тудырмайды, себебі біздің университетімізде тек талантты, зерек, алдына қойған мақсатқа жете білетін, ең бастысы белсенді студенттер білім алады.
Байқаудың тақырыбы: «КазУТБ, я выбираю лучшее!», «ҚазТБУ, мен ең үздігін таңдаймын!»
Байқаудың шарттары өте оңай:
- Бейнероликтің ұзақтығы 30 секундтан аспау қажет.
- Университет туралы айту: ҚазТБУ-ды неге таңдадыңыз, оның қандай артықшылықтары бар және өз университетіңді не үшін жақсы көресің (бейне және фото материалдарды пайдалана отырып).
- Соңғы 5 басылымға лүпіл қою, осы пост астына «ҚазТБУ @kazutb_university байқауына қатысамын» деген сөзді жазып, бакалавриатқа немесе магистратураға түскісі келетін 5 досыңды белгілеу.
- Жұмысыңды өз парақшаңда #ҚазТБУбайқауынақатысамын хештегімен жариялау және университет парақшасын белгілеу @kazutb_university
- Байқау 07-20 сәуір аралығында өтеді.
- Жеңімпазбен жүлдегерлерді қазылар алқасы сәуір айының 21 жұлдызында анықтайды. Жеңімпаз арнайы жүлдеге ие болады, ал жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапатталады.
Үздік жұмыстарды біз өз парақшамызға жариялаймыз. Мүмкін дәл сіздің университет туралы бейнеролигіңіз телеарналар арқылы көрсетілетін болады.
Бізбен бірге университеттің жаңа тарихын құруға дайынсыз ба? Шығармашылыққа шек жоқ, сәттілік тілейміз!