Мен академиялық мобильділік бағдарламасы аясында Астанадан Алматыға бір семестрге оқуға ауыстым. Бұл тәжірибе мен үшін өте пайдалы әрі қызықты болды. Алматы қаласының табиғаты, мәдениеті мен адамдары маған үлкен әсер қалдырды. Университеттегі оқу процесі жақсы ұйымдастырылған, оқытушылар білікті әрі қолдауға дайын. Жаңа ортаға бейімделу оңай болды, себебі студенттер де, мұғалімдер де жылы қабылдады.
Бұл бағдарлама маған тек білім жағынан ғана емес, тұлғалық дамуыма да үлкен әсер етті. Жаңа достар тауып, өзіме сенімділік арттырдым. Академиялық мобильділік – студенттер үшін үлкен мүмкіндік. Барлық студенттерге осындай бағдарламаға қатысуға кеңес беремін.