Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ РОӘК ОӘБ «Бизнес және басқару» (Аудит және салық салу) секциясының жұмысына «Қаржы және есеп « кафедрасының PhD, профессорының м. а. Г.С. Тусибаеваның қатысуы.

2025 жылғы 27 қарашада «Қаржы және есеп» кафедрасының PhD, профессорының м.а.Тусибаева Гүлмира Сергеевна «Бизнес және басқару» секциясының мүшесі ретінде (Аудит және салық салу) Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ кадрларды даярлау бағыттары бойынша РОӘК ОӘБ отырысына қатысты.

Отырыс барысында 2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспары қаралып, бекітілді, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған секция құрамы келісілді. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университеті жанындағы мамандандырылған оқыту орталығының іске қосылуына байланысты «Есеп және аудит» білім беру бағдарламалары бойынша студенттерді даярлау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

gumi.jpg

Ішкі мемлекеттік аудиттің цифрлық трансформациясы жағдайында мемлекеттік аудиторларды даярлауды қоса алғанда, дамудың өзекті бағыттары талқыланды. Сондай-ақ, кадрларды даярлау сапасын арттыруға және оқу процесін жаңғыртуға бағытталған білім беру кеңістігін дамытудағы жаңа үрдістер атап өтілді.

gumi_3.jpg

Секция жұмысына қатысу тәжірибе алмасуға, алдағы кезеңдегі негізгі міндеттерді белгілеуге және білім беру ұйымдары арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік берді.