Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің қызметкерлері Стамбулда өткен халықаралық конференцияға қатысты

Университетіміздің қызметкерлері -- профессор м.а., ветеринария ғылымдарының кандидаты Лидер Людмила Александровна, доцент, ветеринария ғылымдарының кандидаты Есжанова Гульжан Турсуновна және ветеринария ғылымдарының магистрі Мамытбекова Гулнур Курбаналиевна -- 2025 жылғы 13--14 қыркүйек аралығында Түркияның Стамбул қаласында өткен Халықаралық жануарлар генетикасы мен әл-ауқаты (ICAGW-25) конференциясына қатысты.

Конференция Халықаралық академиялық жетілдіру институтының (IGAE) ұйымдастыруымен Mr. Hoang Huu Dinh жетекшілігімен өтіп, әлемнің алты елінен Бельгия, Түркия, Малайзия, Непал, Ангола және Қазақстаннан келген ғалымдарды біріктірді.

Біздің ғалымдар конференцияда «In vitro Ovicidal Activity of Hedysarum gmelinii Extract against Toxocara cati Eggs».тақырыбында ағылшын тілінде баяндама жасады. Жұмыс Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан БНҚ ВР 24992761 бағдарламасы аясында орындалды (бағдарлама жетекшісі -- профессор Сүлеймен Е.М.).

«Hedysarum gmelinii» өсімдігінің экстрактарының паразитке қарсы белсенділігін зерттеуге арналған бұл ғылыми зерттеу конференция қатысушыларының үлкен қызығушылығын тудырып, қызу талқылауға себеп болды. Конференция қорытындысы бойынша университет қызметкерлері сертификаттармен марапатталды.

Университет ұжымы Лидер Л.А., Есжанов Г.Т. және Мамытбекова Г.К.-ны халықаралық алаңдағы сәтті сөз сөйлеуімен құттықтайды және алдағы уақытта да ғылыми жетістіктер, жаңа идеялар мен жемісті ынтымақтастық тілейді!