Қ. Құлажанов атындағы ҚазҰТБ колледжінде «Қаржы» мамандығы бойынша білім алуға талапкерлерді тартуға бағытталған кәсіби бағдар беру жұмысы өткізілді.

Кәсіби бағдар беру іс-шарасын PhD, қауымдастырылған профессор Кабиева А.Т. жүргізді. Кездесу барысында білім алушыларға білім беру бағдарламасының мазмұны, түлектердің кәсіби қызмет ету мүмкіндіктері, сондай-ақ қаржы және экономика саласындағы әрі қарай білім алу мен мансаптық өсу перспективалары туралы ақпарат берілді.

Аннотация 2026-02-17 100441.png

Іс-шара барысында қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы қаржы мамандықтарының өзектілігіне, еңбек нарығында білікті мамандарға деген сұранысқа және оқытудың тәжірибеге бағытталған сипатына ерекше назар аударылды. Қатысушылар оқуға түсу шарттары, оқу процесінің ерекшеліктері және түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Осындай кәсіби бағдар беру іс-шараларын өткізу жастардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына ықпал етіп, «Қаржы» мамандығына деген қызығушылықты арттырады.