Қ.Құлажанов атындағы ҚТжБУ студенті Мемлекет басшысы қатысқан іс-шарада Қазақ күресін насихаттады
2025 жылғы 21–22 наурыз күндері Астана қаласындағы ЭКСПО көрме орталығында өткен этноауылда Әз-Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев арнайы қатысты.
Атаулы мерекелік шара барысында Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің IT мамандығы бойынша 3-курс студенті Ғаниматов Нұрхан ұлттық спорт түрі – Қазақ күресін көпшілікке таныстырып, оның тарихи, мәдени маңызын насихаттады.
Қазақ күресі – ел бірлігін, рухын танытатын ұлттық мұра. Мемлекет басшысы қатысқан ауқымды жиында осы спорт түрін насихаттау – жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген жауапкершілігін айқындайды. Бұл – студенттің ғана емес, бүкіл университет ұжымының абыройы.