2026 жылдың 16 ақпанында К. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің «Туризм және сервис» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Джангельдина Дарига Изтургановна Астана қаласы Байқоңыр ауданындағы Қ. Кемеңгерұлы атындағы №49 мектеп-гимназиясында жоғары оқу орындары мен колледждердің білім алушылары мен оқытушылары қатысқан Career Talks форматындағы «Мамандық таңдау - болашаққа бағыт» атты кәсіби бағдар беру іс-шарасына қатысып, университетіміздің оқу бағдарламалары мен мамандықтары туралы кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.
Осы шара барысында университетіміз туралы, оның басты ерекшеліктері мен білім беру бағыттары жайында кеңінен ақпарат беріп, 9 және 11 сынып оқушыларының мамандық таңдау бойынша қойған сұрақтарына жауап беріп, ақпараттық буклеттер таратты.