Zoom алаңында 11.03.2022 Қарағанды облысының Жезқазған және Сәтбаев қалаларының мектептері мен колледж түлектерімен онлайн режимінде кездесу өтті. Онда оқушылар елордалық ЖОО-ның болашақ мамандықтарымен танысуға мүмкіндік алды. ҚазТБУ туралы презентациялар мен бейнероликтер пікірталасты жандандырды. Диалог аяқталғаннан кейін балаларды университеттің түрлі кәсіби бағдар беру бағдарламалары мен іс-шараларына қатысуға шақырды. Қатысушыларды олимпиадалар мен конкурстар, "университеттік кездесулер" Ашық есік күндері және "ҚазТБУ студенті бол"бағдарламасы ерекше қызықтырды.