КазУТБ в СМИ

Өнер саласының мамандарын шығармашылыққа баулу

Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің «Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн» кафедрасының педагогика ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор Боранкулов Еркінбек Қағазбекұлы 2025 жылдың мамыр айының 29-31 аралығында Түркия Республикасының Бурдур қаласында Мехмет Акиф Ерсой университетінде өткен «Білім, ғылым және өнер» бағытындағы халықаралық симпозиумға арнайы шақырту бойынша қатысып, «Өнер саласының мамандарын шығармашылыққа баулу» тақырыбында мазмұнды дәріс оқыды.

Сапар барысында ол Анталия қаласындағы Акдениз университетінің Өнер факультетінде болып, студенттермен кездесіп, тәжірибе алмасу мақсатында қонақтық дәрістер жүргізді. Халықаралық деңгейдегі осындай шаралар оқытушы-профессорлық құрамның кәсіби біліктілігін арттырып, ғылыми байланыстарды нығайтуға зор үлес қосатыны сөзсіз.