|
|
«Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ 2025-2026 оқу жылына кафедралар бойынша профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
|
«Туризм және сервис» кафедрасы
.
«Туризм», «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» оқу бағдарламасы бойынша
Сеньор – лектор – 1 бірл.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Сеньор-лектор: жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, "ғылым магистрі"ғылыми (академиялық) дәрежесінің болуы. Жұмыс өтілі: ассистент лауазымында кемінде 3 (үш) жыл немесе мамандығы (қызмет бейіні) бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл.
Конкурсқа құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн (2025 жылғы 9 қазаннан 18 қазанға, сағат 15:00-ге дейін.).
Сыртқы үміткерлер конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар:
1. Басшының атына өтініш;
2. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақша;
3. Фото 3*4 – 1 дана
4. Өмірбаян;
5. Білімі туралы дипломдардың көшірмелері (қосымшасы бар), академиялық, ғылыми дәрежесі мен атағы және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
6. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
7. Ғылыми хатшы куәландырған ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);
8. ҚР Бас прокуратурасы оң статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет беретін есепке алу жөніндегі мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
9. Психоневрологиялық және наркологиялық диспансерде есептің жоқтығы туралы анықтама;
10. Жеке куәліктің көшірмесі;
11. Еңбек кітапшасының көшірмесі (немесе жұмыс өтілін растайтын өзге де құжат);
12. Шет тілін білу деңгейін растайтын сертификаттар (бар болса);
13. Презентация.
«Қ. Құлажанов атындағы ҚазТБУ» АҚ қызметкерлері арасынан үміткерлер үшін қажетті құжаттар пакеті:
1. Басшының атына өтініш;
2. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
3. Ғылыми хатшы куәландырған ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);
4. Жеке медициналық кітапша;
5. Шет тілін білу деңгейін растайтын сертификаттар (бар болса);
6. Презентация.
Ескертпе: конкурсқа қатысуға құжаттар пакеті мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Қайым Мұхамедханов к-сі, 37А, каб.1/603.
Құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Толығырақ ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 72-58-12 (ішкі. 104).