2025 жылғы 11 қарашада сағат 11.00-де ФН-232 тобының 3 курс студенттері үшін "Әлеуметтік салық: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР жаңа Салық Кодексіндегі өзгерістер" тақырыбында "Салықтар және салық салу" пәні бойынша қонақ дәрісі өткізілді (аудитория 2/301). Қонақ дәрісін шақырылған практикалық маман Динара Қанатқызы Шөкенова - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкері "Кейс-әдіс (case Study): шешімдерді әзірлеу үшін нақты немесе имитацияланған кәсіби жағдайларды талдау" оқыту әдісін қолдана отырып және ҚР жаңа Салық кодексіндегі өзгерістердің мемлекеттің экономикалық дамуына әсерін талқылай отырып өткізді. Дәріс тақырыбы бойынша негізгі мәселелерді талқылауға студенттердің жоғары белсенділігі мен қызығушылығын атап өткен жөн.