«Ақпараттық технологиялар» кафедрасының А. Байтұрсынов атындағы Binom school түлектерімен кәсіби бағдар беру бойынша кездесуі

«Ақпараттық технологиялар» кафедрасының 2025-2026 оқу жылына арналған кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарын іске асыру аясында мектеп бітіруші сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.

2026 жылдың 13 ақпанында сағат 11.00-де А. Байтұрсынов атындағы Бином мектебінде 11-сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысы өтті. Іс-шара болашақ талапкерлерді университеттің дайындық бағыттары, білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері және ақпараттық технологиялар саласындағы кәсіби даму перспективалары туралы ақпараттандыру мақсатында ұйымдастырылды.

Кәсіптік бағдар беру жұмысын физика-математика ғылымдарының кандидаты, «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Рыстыгулова Венера Ботабайқызы және магистр, сеньер-лектор Ереш Манас Жантуғанұлы жүргізді.

Кездесу барысында білім алушыларға мамандықтар, қабылдау шарттары, білім беру траекториясы және түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері туралы ақпараттық материалдар ұсынылды. Ақпараттық технологиялар, цифрлық шешімдер және инженерлік құзыреттер саласындағы заманауи бағыттарға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, оқушылар арасында кәсіби қызығушылықтар мен білім беру жоспарларын анықтауға бағытталған сауалнама жүргізілді. Оқушыларға таңдаулы оқу пәндері, Жоғары оқу орнына немесе колледжге түсу ниеті, болашақ мамандықты таңдау, мамандықтан күту, сондай-ақ олардың кәсіптік бағдарлау іс-шараларына қатысудағы бұрынғы тәжірибесі туралы сұрақтар ұсынылды. Сонымен қатар, оқушылар кәсіптік бағдар беру жұмысын жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын енгізе алды.

Кездесу белсенді форматта өтті, оқушылар қызығушылық танытты, оқыту және одан әрі жұмысқа орналасу перспективалары туралы сұрақтар қойды. Өткізілген іс-шара түлектердің жоғары білім алу және ақпараттық технологиялар саласында кәсіби іске асыру мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға ықпал етті.

1.png

2.png

3.png