4 желтоқсанда «Туризм және сервис» кафедрасының студенттері «Бариста» бағытындағы микроквалификация курстарын сәтті аяқтап, халықаралық үлгідегі сертификаттарға ие болды. Бұл маңызды оқиға – практикалық бағыттағы оқытуды кеңейту және қонақжайлылық индустриясының болашақ мамандарын кәсіби даярлауды жетілдіру жолындағы тағы бір қадам.
Осы жобаны жүзеге асыру Түрік ынтымақтастық және координация агенттігінің (TİKA) қолдауымен, сондай-ақ Rixos President Astana қонақүйінің ықпалымен мүмкін болды. Білім беру процесін ұйымдастыру мен студенттердің кәсіби өсуіне жағдай жасауға қосқан үлесі үшін генералдық менеджер, құрметті профессор Танcель Терджанға ерекше алғысымызды білдіреміз.
Жобаның жетекшісі, құрметті профессор Нурфер Терджанға да жеке алғысымыз шексіз – оның бастамасы мен қолдауы бағдарламаның сәтті іске асуына шешуші рөл атқарды. Сондай-ақ университет басшылығының, Ляззат Кемербековна Байболоваға, оқу мүмкіндігін жасап, халықаралық сертификат алуға жол ашқаны үшін ризашылығымызды білдіреміз.
Курстардың өтуіне елеулі үлес қосқан JDE Jacobs Douwe Egberts кофей компаниясына алғысымызды білдіреміз. Кәсіби бариста, тренер Жарас Маненовке жоғары сапалы оқыту, практикалық мастер-кластар мен студенттерге берген шабыт үшін шексіз алғыс айтамыз.
Бүгін біз тек сертификат тапсырып отырған жоқпыз – біз студенттеріміз үшін жаңа мүмкіндіктерге, мансаптық перспективаларға және кәсіби ашылуларға жол ашып отырмыз. «Туризм және сервис» кафедрасы қонақжайлылық индустриясымен ынтымақтастықты одан әрі дамытып, практикалық бағыттағы бағдарламаларды енгізуді жалғастыра отырып, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандар дайындаудың берік негізін қалыптастыруда.