2026 жылғы 11 ақпанда Rixos қонақүй-мейрамхана кешенінде «Туризм және сервис» кафедрасы ұйымдастырған коктейль дайындау бойынша гастрономиялық конкурс өтті. Конкурс білім алушылардың мейрамхана және бар қызметі саласына кәсіби қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ бар ісі бойынша практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған.
Конкурста «Халықаралық туризм», «Туризм» және «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламаларының білім алушылары қатысты. Олардың өнер көрсетуі конкурс комиссиясы тарапынан техника, дәм сапасы, ұсынылуы мен креативтілік бойынша бағаланды.
Конкурс үш категорияда өтті: классикалық коктейльдер, авторлық заманауи коктейльдер және «Қара жәшік», оның аясында командалар белгісіз ингредиенттерді алып, шектеулі уақыт ішінде оригиналды коктейль дайындады.
Сонымен қатар конкурс барысында мастер-кластар ұйымдастырылып, білім алушылар талғампаз тағамдар мен десерттер дайындауды көрсетті. Жүлдегер командалар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды; конкурс кәсіби құзыреттерді дамытуға, шығармашылық тәсілді қалыптастыруға және білім беру мен қонақжайлылық индустриясы арасындағы байланысты нығайтуға үлес қосады.
Rixos қонақүй-мейрамхана кешеніне, университет басшылығына, «Экономика және бизнес» факультетінің деканат өкілдеріне және «Туризм және сервис» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамына конкурс ұйымдастырылып, қолдау көрсетілгені үшін алғысымызды білдіреміз.