ПРЕСС-РЕЛИЗ «Туризм және сервис» кафедрасында ҒЗЖ (НИРС) байқауының өткізілуі туралы

«Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ-да блім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының (ҒЗЖ) жыл сайынғы байқауы өтті. Байқау студенттердің ең өзекті әрі перспективалы ғылыми зерттеулерін анықтау және қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты – білім алушылардың ғылыми-зерттеу белсенділігін ынталандыру, олардың шығармашылық және ғылыми әлеуетін дамыту, зерттеушілік құзыреттерін қалыптастыру, сондай-ақ үздік жұмыстарды Республикалық байқауға дайындау.

Ұйымдастырушы: «Туризм және сервис» кафедрасы.
Қатысушылар: 6В11126 – «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі», 6В11127 – «Туризм», 6В11129 – «Халықаралық туризм» білім беру бағдарламаларының бакалавриат білім алушылары. Байқау аясында туризм, қонақжайлылық, мейрамхана бизнесі және инновациялар салалары бойынша өзекті ғылыми және тәжірибеге бағытталған зерттеулер ұсынылды.

ҒЗЖ байқауының жеңімпаздары:

1 орын – «Roze Marin: табиғи маринадталған ет жартылай фабрикаттарын өндірудің стартап-моделі». Авторлар: Темірбай Мейіржан, Ахметбекова Қорлан. Ғылыми жетекшісі: Муканова Б.Ш.

2 орын – «Астана қаласы Нұра ауданындағы мейрамханалардың салыстырмалы талдауы». Авторлар: Қуандық Қызғалдақ Асылбекқызы, Нұрман Асыл Нұрланқызы (МІМБ 241/1 тобы). Ғылыми жетекшісі: Жанабай А.А.; «Қонақүй іс-шаралары үшін персоналды оқытудың инновациялық әдістері». Авторлары: 4 курс білім алушылары, РДГБ-222 тобы. Ғылыми жетекшісі: Ярдякова И.В.

3 орын – «Қадам – Қазақстан бойынша туристік аудиогид қосымшасын әзірлеу». Авторлар: Каранеева Дамира, Ибраева Дарина, Егізбаев Мағжан (Тур-241 тобы). Ғылыми жетекшісі: Кожаназар Арна Шарханбекқызы; «Қазақстан мен Қырғызстандағы мәдени-танымдық туризмді дамыту мүмкіндіктері». Авторлар: Айжарикова Сымбат, Бөгенбай Дариға, Бөгембай Нұрахат (Тур-241 тобы). Ғылыми жетекшілері: Ахметова Г.Б., Джангельдина Н.Н.

ҒЗЖ байқауы білім алушылардың дайындық деңгейінің жоғары екенін, олардың ғылыми қызметке қызығушылығын және тәжірибелік маңызы бар жобаларды әзірлеу қабілетін көрсетті. Ұсынылған жұмыстар өзектілігімен, инновациялық тәсілдерімен және туризм мен сервис индустриясын дамытуға бағытталғандығымен ерекшеленді.

«Туризм және сервис» кафедрасы барлық қатысушылар мен ғылыми жетекшілерге студенттік ғылымды дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта жаңа ғылыми жетістіктер тілейді.

IMG_3912.png

IMG_3885.png

IMG_3813.png

IMG_3919.PNG