2026 жылғы 12 ақпанда сағат 11:00-де «Туризм және сервис» кафедрасының «DS Travel» туристік фирмасы базасындағы филиалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған іс-шара практикалық-бағдарланған білім беруді дамыту мен университет пен туристік бизнес арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болды.
Филиалдың ашылуы академиялық білім мен нақты кәсіби тәжірибенің үйлесімін білдіреді. Ынтымақтастықтың жаңа форматы білім алушыларға кәсіби құзыреттерін дамытуға, тәжірибелік дағдыларды меңгеруге және оқу кезеңінде саналы түрде мансаптық бағыт қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Іс-шара барысында «Туризм және сервис» кафедрасының меңгерушісі Жунусова Алия Анархановна құттықтау сөз сөйлеп, филиал ашудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті, оның негізгі мақсаттарын айқындап, компания қызметкерлерінің білім беру процесіне қатысуы арқылы оқытудың жаңа форматтарын енгізудің маңызын ерекше атап өтті.
Сондай-ақ қатысушыларды тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Саят Бердіғалұлы мен «Экономика және бизнес» факультетінің деканы Мақыш Мөлдір Кикбаевна құттықтап, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда білім мен бизнестің интеграциясының маңыздылығын атап өтті. «DS Travel» туристік фирмасының бас директоры Алимбекова Дана Абдыхановна компания қызметінің негізгі бағыттары, жүзеге асырылып жатқан туристік өнімдер және студенттердің өндірістік тәжірибе мен тағылымдамадан өту мүмкіндіктері туралы таныстырылым жасады.
Іс-шара бағдарламасы аясында кафедра білім алушылары сөз сөйлеп, жұмыс істеп тұрған туристік компания базасында кәсіби дағдыларын дамытуға қызығушылық білдірді. Салтанатты рәсімнің негізгі кезеңі ынтымақтастық туралы ресми келісімге қол қою, сондай-ақ символикалық лентаны қию және филиал тақтайшасын табыстау болды. Осы сәттен бастап «Туризм және сервис» кафедрасының «DS Travel» туристік фирмасы базасындағы филиалы ресми түрде ашық деп жарияланды.
Ресми бөлімнен кейін қонақтар Monte Bianco Hotel Astana кешені бойынша инфотурға шақырылып, қонақ үйдің нөмірлік қоры мен мейрамханасы таныстырылды. Іс-шара серіктестерге алғыс айту, алғыс хаттар табыстау және естелік суретке түсумен қорытындыланды.
Филиалдың ашылуы практикалық-бағдарланған оқытуды одан әрі дамытуға, университет пен туризм индустриясы арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға және туризм мен сервис саласында бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға ықпал етеді.