2025 жылғы 24-25 сәуірде М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінде В070 - Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша XVII Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі өтті. B070 – «Тоқыма: киім, аяқ киім және былғарыдан жасалған бұйымдар» бағытынан 6В07224 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» білім беру бағдарламасынан жарысқа жіберген команда ІІІ жүлделі орынға ие болды. Олимпиадаға қатысқан студенттер: Токтарова Назым Асылбекқызы, Аяпова Нұрсезім Ғаниқызы, Ершіман Күнсұлу Қазкенқызы, жетекшісі: т.ғ.к., ассистент профессор Кожабергенова К.Д. Конкурстық комиссияның шешімімен Ершіман Күнсұлу Қазкенқызы жеке шотындағы жоғары нәтижелері үшін ҚРҒжЖБМ ІІІ дәрежелі дипломымен марапаттауға ұсынылды. Студенттер XVII республикалық пәндік олимпиадаға қатысқаны үшін сертификатпен, ал команда жетекшісі Қожабергенова К.Д. алғыс хатпен марапатталды!!!